• Special version
  • Mobile version

You are here

On approval Rules of the approval temporary reduction factors to tariffs (rates, charges) for services of water production through trunk pipelines and (or) channels and Method of calculating level of reduction factors to tariffs

Суды магистральдық құбыржолдары және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту қағидаларын және Суды магистральдық құбыржолдары және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициентінің деңгейін есептеу әдістемесін бекіту туралы

«Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына және 13-бабы 1-тармағының 4-11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға Суды магистральдық құбыржолдары және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту қағидалары сәйкес;

2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Суды магистральдық құбыржолдары және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициентінің деңгейін есептеу әдістемесі бекітілсін.

2. Мыналардың:

1) «Суды магистральдық труба құбырлары және (немесе) арналар арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алым мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 23 наурыздағы № 93-НҚ бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3536 болып тіркелген);

2) «Суды магистральдық құбыржолдары және (немесе) арналар арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алым мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 23 наурыздағы № 93-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2010 жылғы 28 сәуірдегі №127-НҚ бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6264 болып тіркелген,

2011 жылғы 31 наурыздағы № 116-119 (26521) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

4) осы бұйрық  Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне бұйрықтың осы тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі                                           Т. Сүлейменов