• Special version
  • Mobile version

You are here

On approval of the Rules for the development and approval (re-confirmation) of budget programs (subprograms) and requirements for their content

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 ақпанда № 10176 тіркелді.

(2015 жылғы 14 сәуірдегі № 328, 2015 жылғы 25 қарашадағы № 715, 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 173-1, 2017 жылғы 25 тамыздағы № 315, 2018 жылғы 3 ақпандағы № 38 бұйрықтарымен, өзгерістер мен толықтырулар ескерілген)

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 32-бабының 9-тармағына, 243-1 бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 03.02.2018 № 38 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидалары мен олардың мазмұнына қойылатын талаптар бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бюджет саясаты департаменті:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министр                                                                                                                       Е. Досаев

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

 ____________ Б. Сұлтанов

2014 жылғы 30 желтоқсан