• Special version
  • Mobile version

You are here

On approval the Rules of domestic trade

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 25 мамырда № 11148 болып тіркелді.

"Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Ішкі сауда қағидалар бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4) осы бұйрықты облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының назарына жеткізуін қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрдің

міндетін атқарушы                                   М. Құсайынов

Published on: 16.10.2018
Updated on: 14.12.2018