• Special version
  • Mobile version

You are here

On approval of the Rules to ensure a linkage of electronic information resources of the Committee of National Security of the Republic of Kazakhstan and Ministry of National Economy of the Republic of Kazakhstan

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 

ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ

 

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ  ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА

МИНИСТРЛІГІ

    2018 ж. «24» мамырдағы

 

 2018 ж. «11» мамырдағы

    № 41

          № 179

БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің электрондық ақпараттық ресурстарының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президенттің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереженің 16-тармағының 125-8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 110) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің электрондық ақпараттық ресурстарының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі осы бұйрықтың мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін қамтамасыз етсін.

4.  Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті әкімшілік деректерді алуға жауапты қызметкерлерді айқындасын.

5. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау қызметтің тиісті бағытына жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

6. Осы бірлескен бұйрық оған мемлекеттік орган басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы

___________К. Мәсімов

          Қазақстан Республикасы         

          Ұлттық экономика министрі

           __________Т. Сүлейменов