• Special version
  • Mobile version

You are here

On approval standards of public service "Motion hearings of consent to economic concentration"

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1.  Қоса беріліп отырған «Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

2. «Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухаттарды қарау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 321 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10938 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялауға мерзімді баспасөз басылымдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика

министрі                                                                                 Т. Сүлейменов

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ақпарат және коммуникациялар министрі

__________________ Д. Абаев

2017 жылғы ____ __________

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2017 жылғы ___ _____________

№ _______ бұйрығымен

бекітілген

«Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – «Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті көрсету туралы өтінішхаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) «электрондық үкіметінің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 40 (қырық) күн:

көрсетілетін қызметті беруші өтінішхатты алған күнінен бастап күнтiзбелiк 10 (он) күн iшiнде ұсынылған материалдардың толықтығын тексеруге және көрсетілетін қызметті алушыны өтінішхатты қарауға қабылдағаны туралы немесе қабылдаудан бас тартылғаны туралы жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi.

мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті беруші немесе сот аталған өтінішхат немесе онымен байланысты басқа өтінішхат бойынша шешiм қабылдағанға дейiн өтінішхатты қарау мүмкiн болмаған жағдайда тоқтатыла тұрады, ол жөнiнде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мұндай шешiм қабылданған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде жазбаша және (немесе) электрондық түрде хабардар етуге мiндеттi;

қосымша мәлiметтердi және (немесе) құжаттарды ұсыну, сондай-ақ тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу кезінде өтінішхатты қарау мерзiмi тоқтатыла тұрады, ол жөнінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мұндай шешiм қабылданған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде жазбаша және (немесе) электрондық түрде хабардар етуге мiндеттi;

мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) мемлекеттiк органдар қосымша мәлiметтердi және (немесе) құжаттарды ұсынғаннан кейiн қайта басталады, ол жөнiнде көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде жазбаша және (немесе) электрондық түрде хабардар етуге мiндеттi;

порталда өтінішхаттың толықтығын қарау нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» уәкілетті органның электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, тіркеу күні мен нөмірі көрсетілген өтінішхаттың қарауға қабылданғаны не өтінішхаттың қабылдаудан бас тартылғаны туралы хабарлама түрінде жолданады.

экономикалық шоғырлануға келiсiм беру туралы өтінішхатты қарау қайта басталған күнінен бастап қарау мерзiмiнің өтуі жалғасады;

көрсетілетін қызметті беруші ақпаратты және (немесе) құжаттарды беру үшін белгілейтін мерзім 5 (бес) жұмыс күнінен кем болмауға тиiс;

көрсетілетін қызметті берушінің өтінішхатты қарау тоқтатылғаны туралы актісі шешім қабылданған күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жолданады.

2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін рұқсат етілген күтудің ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

Көрсетілетін қызмет беруші кеңсесінің қабылдауы алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық немесе қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: экономикалық шоғырлануға келісім беру / дәлелді қорытынды бере отырып экономикалық шоғырлануға тыйым салу, егер экономикалық шоғырлану бәсекелестікті шектеуге әкеп соғатын болса немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартуы бойынша дәлелді жауап.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны: электрондық.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қағаз жеткізгіште алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен және уәкілетті тұлғасының қолымен расталады.

7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Көрсетілетін қызметті берушінің өтінішхаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру кестесі: сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Көрсетілетін қызметті берушіден өтінішхаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру: сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

9. Мемлекеттік қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынатын мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттардың тізбесі:

Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес қолдаухат, оған мынадай құжаттар, ақпараттар (мәліметтер) қоса беріледі:

1) нарық субъектісін біріктіру немесе қосу жолымен қайта ұйымдастыру бойынша:

тұлғаның немесе уәкiлеттi органның нарық субъектiсiн қайта ұйымдастыру туралы шешiмiнiң жобасы;

қызмет түрлерiнде немесе олардың iскерлiк операциялары географиясында жоспарланып отырған өзгерiстердi қоса алғанда, нарық субъектiсiн қайта ұйымдастыру мақсатының негiздемесi;

құрылатын нарық субъектiсiнiң бекiтiлген жарғысы мен құрылтай шарты немесе олардың жобалары;

құрылатын нарық субъектiсiне берiлетiн мүлiкті беру мәлiметтері мен шарттарының тiзбесi;

қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерiнiң әрқайсысы бойынша, сондай-ақ қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерiмен бiр тұлғалар тобына кiретiн нарықтың әрбiр субъектiсi бойынша мыналар көрсетіледі:

жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, азаматтығы туралы мәліметтер, сондай-ақ тұрғылықты жері және заңды мекенжайы;

атауы, заңды және нақты мекенжайлары;

жарғылық капиталының мөлшері және жарғылық капиталға қатысу үлесi;

акциялардың түрлерi;

нарықтың басқа субъектiлерiнiң атқарушы органының, директорлар кеңесiнiң (байқаушы кеңестiң) де мүшелерi болып табылатын атқарушы орган, директорлар кеңесi (байқаушы кеңес) мүшелерiнiң лауазымы көрсетiлген тiзiмi;

қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерi өндiретiн және өткiзетiн тауарларды өндiру мен өткiзудiң, тауарлардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;

қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерiмен бiр тұлғалар тобына кiретiн нарық субъектiлерi өндiретiн немесе өткiзетiн нақ сол тауарларды немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;

нақ сол немесе өзара алмастырылатын тауарлардың осы мәмiленi жасасу нәтижесiнде өндiру мен өткiзу болжамы;

2) тұлғаның (тұлғалар тобының) нарық субъектісінің дауыс беретін акцияларды (қатысу үлестерін, пайларды) сатып алуы бойынша, бұл ретте, егер мұндай тұлға (тұлғалар тобы) сатып алуға дейін осы нарық субъектісінің акцияларына (жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне, пайларына) билік етпесе немесе аталған нарық субъектісінің дауыс беретін акциялардың (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің, пайлардың) елу немесе одан да аз пайызына билік етсе, мұндай тұлға (тұлғалар тобы) аталған акциялардың (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің, пайлардың) елу пайыздан астамына билік ету құқығына ие болады:

шарт немесе шарттың жобасы не мәмiленiң жасалғанын растайтын өзге де құжат;

сатып алушы бойынша және сатып алушымен бiр тұлғалар тобына кiретiн нарықтың әрбiр субъектiсi бойынша мыналар көрсетіледі:

жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, азаматтығы туралы мәліметтер, сондай-ақ тұрғылықты жері және заңды мекенжайы;

атауы, заңды және нақты мекенжайлары;

жарғылық капиталының мөлшері және жарғылық капиталға қатысу үлесi;

акциялардың түрлерi;

өзiне қатысты осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсi өндiретiн немесе өткiзетiн тауарларға немесе өзара алмастырылатын тауарларға ұқсас тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;

басқа да нарық субъектілерінің атқарушы органының, директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) мүшелері болып табылатын, атқарушы органның, директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) лауазымы көрсетілген мүшелерінің тізімі;

өзiне қатысты осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-әрекеттер жасалатын нарық субъектісінің тауарларды өндіру мен өткізу, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемі;

өзiне қатысты осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiнiң тiкелей немесе жанама бақылауында болатын нарық субъектiлерi өндiретiн немесе өткiзетiн нақ сол немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;

мәмiле жасалғаннан кейiн өзiне қатысты осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiне және (немесе) оның тұлғалар тобына қатысты сатып алушы алатын құқықтар туралы мәлiметтер, оның iшiнде мәмiле жасалғаннан кейiн сатып алушы иелiк ететiн нарық субъектiсi акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң, пайларының) саны және орналастыру бағасы, сондай-ақ олардың нарық субъектiсiнiң дауыс беру құқығы бар акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң, пайларының) жалпы санындағы пайыздық үлесi және олардың нарық субъектiсiнiң жарғылық капиталындағы пайыздық үлесi;

нақ сол немесе өзара алмастырылатын тауарлардың осы мәмiленi жасасу нәтижесiндегi өндiру мен өткiзу болжамы;

3) егер мәміленің (өзара байланысты мәмілелердің) нысанасын құрайтын мүліктің теңгерімдік құны мүлікті иеліктен шығаратын немесе басқаға беретін нарық субъектісінің негізгі өндірістік құралдары мен материалдық емес активтері теңгерімдік құнының он пайызынан асып кетсе, нарық субъектісінің (тұлғалар тобының) нарықтың басқа субъектісінің негізгі өндірістік құралдарын және (немесе) материалдық емес активтерін, оның ішінде жарғылық капиталды төлеу (беру) есебіне меншікке алу, иелену және пайдалану бойынша:

шарт немесе шарттың жобасы;

сатып алушы бойынша және сатып алушымен бiр тұлғалар тобына кiретiн нарықтың әрбiр субъектiсi бойынша мыналар көрсетіледі:

жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, азаматтығы туралы мәліметтер, сондай-ақ тұрғылықты жері және заңды мекенжайы;

атауы, заңды және нақты мекенжайлары;

жарғылық капиталының мөлшері және жарғылық капиталға қатысу үлесi;

акциялардың түрлерi;

сатып алынатын мүлiктi пайдалану арқылы өндiрiлетiн нақ сол немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;

баланстық құны көрсетіле отырып, мәміленің нысанасын құрайтын мүліктің тізбесі;

тауарлардың түрлерi көрсетiле отырып, алынатын мүлiктiң қандай тауарларды шығару үшiн пайдаланылғаны және пайдаланылатыны туралы мәлiметтер;

тауарлардың түрлерi көрсетiле отырып, алынатын мүлiктi пайдалану арқылы тауарларды өндiру мен өткiзу болжамы;

нақ сол немесе өзара алмастырылатын тауарлардың осы мәмiленi жасасу нәтижесiндегi өндiру мен өткiзу болжамы.

4) нарық субъектісінің кәсіпкерлік қызметті басқа нарық субъектісі жүргізген кезде олардың орындауына міндетті нұсқаулар беруге не оның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін (оның ішінде сенімгерлік басқару туралы шарт, бірлескен қызмет туралы шарт, тапсырма шарты негізінде) құқықтар алуы бойынша:

заңды тұлға растаған шарттың (шарт жобасының) көшiрмесi не мәміленің жасалғанын (оны жасасу ниетін) растайтын өзге де құжат;

сатып алушы бойынша және сатып алушымен бiр тұлғалар тобына кiретiн нарықтың әрбiр субъектiсi бойынша мыналар көрсетіледі:

жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, азаматтығы туралы мәліметтер, сондай-ақ тұрғылықты жері және заңды мекенжайы;

атауы, заңды және нақты мекенжайлары;

жарғылық капиталының мөлшері және қатысу үлесi;

акциялардың түрлерi;

өзiне қатысты осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсi өндiретiн немесе өткiзетiн тауарларға немесе өзара алмастырылатын тауарларға ұқсас тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;

нарықтың басқа субъектiлерiнiң атқарушы органының, директорлар кеңесiнiң (байқаушы кеңестiң) де мүшелерi болып табылатын атқарушы орган, директорлар кеңесi (байқаушы кеңес) мүшелерiнiң лауазымы көрсетiлген тiзiмi;

өзiне қатысты осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiнiң тауарларды өндiруi мен өткiзуiнiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;

өзiне қатысты осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiнiң тiкелей немесе жанама бақылауында болатын нарық субъектiлерi өндiретiн немесе өткiзетiн нақ сол немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;

өздерiне қатысты осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiне және (немесе) оның тұлғалар тобына қатысты мәмiле жасалғаннан кейiн сатып алушы алатын құқықтар туралы мәлiметтер, оның iшiнде мәмiле жасалғаннан кейiн сатып алушы иелiк ететiн нарық субъектiсi акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң, пайларының) саны және орналастыру бағасы, сондай-ақ олардың нарық субъектiсiнiң дауыс беру құқығы бар акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң, пайларының) жалпы санындағы пайыздық үлесi және олардың нарық субъектiсiнiң жарғылық капиталындағы пайыздық үлесi;

нақ сол немесе өзара алмастырылатын тауарлардың осы мәмiленi жасасу нәтижесiндегi өндiру мен өткiзу болжамы.

5) бір ғана жеке тұлғалардың екі және одан да көп нарық субъектілерінің атқарушы органдарына, директорлар кеңесіне, байқау кеңестеріне немесе басқарудың басқа да органдарына аталған жеке тұлғалардың осы субъектілердің кәсіпкерлік қызметін жүргізу жағдайларын айқындау шартымен қатысуы үшін:

екi және одан да көп нарық субъектiлерiнiң атқарушы органдарына, директорлар кеңестерiне, байқаушы кеңестерiне және басқа да басқару органдарына қатысуы көзделетiн жеке тұлға туралы мәлiметтер:

жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, өкiлеттiктерiн көрсете отырып, осы субъектiлерде кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзудiң шарттарын айқындауға мүмкiндiк беретiн азаматтығы, жұмыс орны, атқаратын лауазымы туралы мәліметтер;

заңды тұлғалар тiзбесi, онда хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлға өкiлеттiктерiн көрсете отырып, кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындайды;

хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлға тағайындалатын немесе сайланатын заңды тұлғаның (тұлғалар тобының) және басқару органының атауы;

хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлғаның атқарушы органдарға, директорлар кеңестерiне, байқаушы кеңестерге және басқа да басқару органдарына кiруi жоспарланатын нарық субъектiлерiндегi лауазымның атауы;

хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлғаның атқарушы органдарға, директорлар кеңестерiне, байқаушы кеңестерге және басқа да басқару органдарына кiруi жоспарланатын нарық субъектiлерiнде осы тұлғаға кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындауға мүмкiндiк беретiн құқықтар тiзбесi;

хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлға оларда кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындайтын нарықтың әрбiр субъектiсi және тұлғалар тобы бойынша мыналар көрсетіледі:

нарық субъектiсiнiң атауы, заңды және нақты мекенжайлары;

тауарлар өндiрудiң, өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;

хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлғаның қатысуы жоспарланатын нарық субъектiсi бойынша, сондай-ақ осы тұлға кiретiн тұлғалар тобы бойынша мыналар көрсетіледі:

нарық субъектiсiнiң атауы, заңды және нақты мекенжайлары;

хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлға оларда кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындайтын нарық субъектiсi мен тұлғалар тобы өндiретiн және өткiзетiн нақ сол немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiрудiң, өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi.

6) шетелдік заңды тұлғалар мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының осы тармағына сәйкес берілетін ақпараттан басқа қосымша мыналарды:

өзi тұрған елдiң заңнамасына сәйкес оның заңды мәртебесiн растайтын, шыққан елiнің сауда тiзiлiмiнен немесе өзге де балама құжаттан нотариат куәландырған үзiндi көшiрмені;

егер шетелдiк заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тiркелген филиалы немесе өкiлдiгi болса, филиалды немесе өкiлдiктi есептiк тiркеу туралы мәлiметтерді және филиал немесе өкiлдiк туралы ереженiң көшiрмесiн;

егер сатып алушының – шетелдiк заңды тұлғаның немесе шетелдік қатысуы бар нарық субъектiсiнiң Қазақстан Республикасында филиалы немесе өкiлдiгi болса, филиалдың немесе өкiлдiктiң Қазақстан Республикасында өндiретiн және (немесе) өткiзетiн тауарларының түрлерi тiзбеленген ақпаратты береді.

Егер қосымша мәлiметтердiң және (немесе) құжаттардың болмауы өтінішхатты қарауға кедергi келтiретiн болса, көрсетілетін қызметті беруші жазбаша түрде және (немесе) электрондық түрде «жеке кабинетке» тиісті сұрауды жіберу арқылы оларды көрсетілетін қызметті алушыдан сұратуға құқылы.

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде күні және көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің қолы көрсетілген көрсетілетін қызмет алушы құжаттарының көшірмесіндегі белгі (тіркеу туралы) құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады.

10. Көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартуы жағдайлар:

1) көрсетілетін қызметті алушылардан өтінішхатты кері қайтарып алу туралы хабарламаның түсуі;

2) егер мұндай ақпараттың болмауы өтінішхатты қарауға кедергі келтіретін болса, көрсетілетін қызметті алушының ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші белгілеген мерзімде бермеуі;

3) көрсетілетін қызметті алушының өтінішхатты объективті түрде қарауға ықпал ететін дәйексіз ақпарат беруі;

4) мәміленің Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 201-бабында көзделген экономикалық шоғырланудың шарттарына сәйкес келмеуі негіз болып табылады.

3. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда, шағым мына мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі: 01000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 4-кіреберіс, телефон: 8 (7172) 74-31-20, 74-31-51, факс: 8 (7172) 74-32-99.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы беріледі.

Шағым қабылданған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы өзінің тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда) не заңды, пошталық мекенжайын, шығыс нөмірі мен күнін көрсетеді. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

Көрсетілетін қызметті берушінің атына не Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол қаралуға қабылданған күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

13. Мемлекеттік қызметті көрсету орнының мекенжайлары: Министрліктің интернет-ресурсында, көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: Министрліктің  интернет-ресурсында, көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

      «Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

стандартына

қосымша

Нысан

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын комитетінің төрағасы

______________________________

______________________________

 (көрсетілетін қызметті алушының

толық атауы және (немесе) ТАӘ

 (болған жағдайда),

БСН және ЖСН (болған жағдайда)

Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы

өтінішхат

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 200-бабының 1-тармағы __ тармақшасына сәйкес __________________________________________________

 (мәміленің, іс-әрекеттің мәні мен тараптары көрсетілген мәміленің, іс-әрекеттің сипаттамасы)

қамтитын экономикалық шоғырлануға келісім беруді сұраймын.

Осы экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхат ______________________________________________________________________

 (көрсетілетін қызметті алушының атауы (ТАӘ) (болған жағдайда) көрсетіледі)

қамтитын экономикалық шоғырлануға келісім беруді сұраймын.

 

Экономикалық шоғырлануға қатысушылар Қазақстан Республикасында (оның ішінде өндіріс, экспорт және импорт бойынша бөлек көрсете отырып) сатып алатын тауарлар (жұмыстар / қызметтер):

экономикалық шоғырлануға дейін

экономикалық шоғырланудан кейін

тауарлар (жұмыстар / қызметтер) атауы

 

Код (экономикалық қызмет түрлерінің номенклатурасы

(5-таңбалы ЭҚЖЖ-ға сәйкес)

тауарлар (жұмастар / қызметтерсатып алуының географикалық шекаралар

тауарлар (жұмыстар / қызметтер) атауы

 

 

Код (экономикалық қызмет түрлерінің номенклатурасы

(5-таңбалы ЭҚЖЖ-ға сәйкес)

тауарлар (жұмыстар / қызметтерсатып алуының географикалық шекаралар

1

1 Экономикалық шоғырлануға қатысушы * ________________________________

                                                                                   (атауы)

1.1

 

 

 

 

 

 

 

1.2

 

 

 

 

 

 

2.

2 Экономикалық шоғырлануға қатысушы* ________________________________

                                                                                                (атауы)

2.1

 

 

 

 

2.2

 

 

 

 

 

 

 

 

               

* оның ішінде тұлғалар тобы бойынша

 

Ұсынылып отырған құжаттар нөмірленген және тігілген (электрондық жеткізгіш қоса беріледі).

Ұсынылып отырған құжаттар мен мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын растаймын.

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің пайдаланылуына келісемін.

Уәкілетті тұлғаның немесе

Оны алмастыратын тұлғаның қолы                                                                      М.О.

Өтінішхатты ұсыну күні.

Өкілдің байланыстары.