• Special version
  • Mobile version

You are here

Certificate on Customs code of the Eurasian Economic Union

2017 жылғы 11 сәуірде Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне қол қойылып, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 115-VI ҚРЗ Заңымен  ратификацияланды. Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексін іске асыру үшін «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қабылданды.

Жаңа Қазақстан Республикасының Кеден кодексі бизнесті дамытуға айтарлықтай серпін береді, өйткені ол тауарларды декларациялау рәсімдерін жеңілдетеді, құжаттары жоқ тауарларға декларация беру мүмкіндігі пайда болды, солардың негізінде толтырылған, декларацияны электронды түрде басымды беру болып отыр, тауарлардың  шығару уақыты 4 сағатқа дейін (бұрынғы - 24 сағат) қысқартылды, тауарларды кеден органдары қызметкерлерінің қатысуынсыз автоматты түрде шығару көзделген, уәкілетті экономикалық оператор мәртебесі берілуі мүмкін тұлғалар санаттары, сондай-ақ берілетін жеңілдіктер тізбесі кеңейтілді.

Осылайша, ЕАЭО Кеден кодексінің, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің күшіне енуі сыртқы экономикалық қызметті жүргізуді жеңілдетеді және ЕАЭО қатысушы елдердің транзиттік және экспорттық әлеуетін барынша пайдалануға мүмкіндік береді.

Анықтама ретінде:

ЕАЭО Кеден кодексін іске асыру мақсатында 2 заң қабылданды:

1) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 2017 жылғы 26 желтоқсанда № 123-VІ ЗРК;

2) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 26 желтоқсанда № 124-VІ ҚРЗ қабылданды.

Көрсетілген Кодекстер 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған шарттың жекелеген ережелерін қолдану туралы хаттама (бұдан әрі – Хаттама) 2017 жылғы 11 сәуірде Мәскеуде жасалған.

«Халықаралық шарттары туралы» Заңға сәйкес Хаттама ратификациялануы тиіс.

Протоколға қол қойылғанға дейін Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы мен Армения Республикасының нормативі 7,11 процент, 85,32 процент және 1,11 процент құрады.

Баждарды бөлу бойынша бірыңғай тәсілдемені қамтамасыз ету мақсатында Одақтың мемлекеттер басшылары кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлу нормативтерін қайта қарау туралы шешім қабылдады, ол мынадай қағидаттарға:

Бірінші, Қазақстан Республикасының, сонымен қатар Армения Республикасының Одақтың бірыңғай кедендік тарифінен алып қоюларын есепке алмау;

Екінші, Армения Республикасының нормативтерін алуларды есепке алмай 0,11 пайызға ҚР мен РФ нормативтері есебінен қайта есептеу.

Берілген принциптерді ескере отырып, Хаттама Одақ мемлекеттерінің басшыларына:

Армения Республикасы – 1,220 пайыз;

Беларусь Республикасы – 4,560 пайыз;

Қазақстан Республикасы – 7,055 пайыз;

Қырғыз Республикасы – 1,900 пайыз;

Ресей Федерациясы – 85,265 пайыз нормативтермен қол қойылған.

Осылайша Хаттаманы ратификациялау мен жүзеге асыру бірыңғай тәсілдеме мен баждарды Одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттеріне тұрақты түрде бөлініп есептелуді қамтамасыз етеді.