• Special version
  • Mobile version

You are here

The Council of the Eurasian Economic Commission on January 26, 2018

2018 ж. 26 ​​қаңтардағы Мәскеу қ. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А.У. Мамин Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысына қатысты.

Отырыстың күн тәртібіне 17 мәселе түсті.

Отырыс барысында Кеңес мүшелері 2 ақпанда Алматыда өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында қаралуы жоспарланып отырған ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің макроэкономикалық ахуалы мен өзара сауда туралы Комиссияның баяндамаларын ұсынды. Осылайша, 2017 ж. ЕАЭО шеңберіндегі өзара сауда жоғары динамикамен ерекшеленеді. Өзара сауданың көлемі 2017 жылғы қаңтар-қарашада 48,8 млрд. АҚШ долларын құрады және 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 26,4%  ұлғайды.

ЕАЭО-ға Арменияның экономикалық дамуының алғашқы нәтижелері мен келешегі туралы есеп қабылданды. Екі жыл ішінде Армения экономиканың бірқатар секторларында және өзара саудада оң өсу қарқынына шығып, сауда географиясын айтарлықтай кеңейтті. Армения мен ЕАЭО мүше мемлекеттер шеңберіндегі өзара сауда көлемі 2016 жылғы өткен жылмен салыстырғанда 40,3% ұлғайды.

Сонымен бірге, Жоғарғы Кеңестің бірыңғай нарық жұмыс істейтін қызметтер тізбесін толықтыру туралы шешімі, бейнефильмдерді өндіру және тарату, бейнефильмдерді көрсету сияқты қызметтерді мақұлдау туралы шешім қабылданды. Осындай шешім кинематографияның өнеркәсіптік өндірушілерін Одаққа мүше мемлекеттер нарығына қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Кеңес мүшелері ЕАЭО-ның халықаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, ЕАЭО және Қытай Халық Республикасы мүше-мемлекеттері арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім жобасы, сондай-ақ ЕАЭО және Иран Ислам Республикасы мүше-мемлекеттері арасында еркін сауда аймағын қалыптастыруға әкелетін уақытша келісім жобасын талқылады.

Отырыс барысында ЕАЭО аумағында орналасқан қолданыстағы фитосанитариялық бақылау бекеттерін (ФББ) қайта құру бойынша талаптарды біріздендіру туралы материалдық-техникалық жабдықтау және ұйымдастыру жөніндегі талаптарды өзгерту туралы мәселе қаралды.

Бұдан басқа, ЕАЭО-ның кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы шартқа қол қою үшін қажетті ішкі мемлекеттік рәсімдерді орындау туралы шешім қабылданды.

Осы Шарт ақшаны жылыстатуға қарсы тұру мақсатында жолаушылардың кедендік және тауарларға декларациясын беру жолымен ақпараттарды уақытында алмасуға мүмкіндік береді.

Тұтастай алғанда соңғы кездесу Қазақстанның стратегиялық мүдделеріне жауап береді және ЕАЭО-ның тиімді жұмысына қажетті серпін береді, ЕАЭО-ның болашақ жұмысында бірлескен қағидаларды әзірлеуге, соның ішінде халықаралық қатынастардың дамуын ескере отырып, негіз болады.