• Special version
  • Mobile version

You are here

On the establishment of the debt limits of local public services for 2018

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жергілікті атқарушы органдар борышының 2018 жылға арналған лимиттерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 21 қыркүйектегі № 337 бұйрығына (Нормативік  құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15799 болып тіркелген, Эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 28 қыркүйектегі жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жергілікті атқарушы органдар борышының 2018 жылға арналған лимиттері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемелекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсiн.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика

министрі                                                               Т. Сүлейменов

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

_____________________ Б. Сұлтанов

2018 жылғы «           »________________

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2018 жылғы «  » қыркүйектегі

№     бұйрығына

қосымша

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2017 жылғы 21 қыркүйектегі

№ 337 бұйрығына

қосымша

Жергілікті атқарушы органдар борышының 2018 жылға

арналған лимиттері

Жергілікті атқарушы орган

Жергілікті атқарушы органдар борышының

лимиті, мың теңге

1

2

3

1

Ақмола облысы

34 738 956,4

2

Ақтөбе облысы

50 577 937,4

3

Алматы облысы

41 414 157,4

4

Атырау облысы

26 867 283,2

5

Шығыс Қазақстан облысы

55 867 155,1

6

Жамбыл облысы

36 363 487,7

7

Батыс Қазақстан облысы

34 862 191,7

8

Қарағанды облысы

50 282 859,2

9

Қостанай облысы

41 907 906,0

10

Қызылорда облысы

48 001 543,3

11

Маңғыстау облысы

22 744 067,6

12

Павлодар облысы

26 954 845,3

13

Солтүстік Қазақстан облысы

28 619 824,9

14

Түркістан облысы

31 266 828,9

15

Шымкент қаласы

43 449 238,0

16

Алматы қаласы

55 571 803,2

17

Астана қаласы

98 710 996,8