• Special version
  • Mobile version

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрі Р.Е. Дәленовтің

халыққа есеп беру кездесуі бойынша ақпарат

А.ж. 19 маусымда «ҚазМедиаОрталығы» залында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов халыққа есеп беру кездесуін өткізіп, оның барысында мемлекеттік органның 2018 жылы атқарған жұмысы мен 2019 жылғы негізгі міндеттері туралы ақпарат берді.

Бұл кездесуге қоғам, «Nur-Otan» партиясы өкілдері, Министрліктің қоғамдық кеңес мүшелері, Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қызметкерлері қатысты.     

Есептік кездесудің өткізілу мерзімі туралы көпшілікке уақтылы хабар берудің және ол туралы анонстық хабардың Министрлік сайтында, «Казахстанская правда» және «Egemen Qazaqstan» газеттерінде жариялануының нәтижесінде, оған 1 247 адам қатысты. Оның 602-сі «ҚазМедиаОрталығы» залында отырса, 645-і өңірлердегі БКБ режіміндегі жиынға келді.

Халықпен кездесу Министрліктің сайтындағы тікелей онлайн көрсетілім арқылы (154 адамның көргені тіркелді), сондай-ақ «BNews.KZ», «Хабар 24» телеарналарында жүргізілді.

Кездесу кезінде азаматтардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыруға қатысуы, бизнес ашу, электрондық сауданы дамыту, статистикалық ақпарат құру, «Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау» порталында кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу, әлеуметтік сала қызметкерлеріне тұрғын үй бөлу, құрылыс нысандарының жобалық-сметалық құжаттамасын жасау, өлшеу құралдарын орнатудың заңдылығы, салық төлеушілерді тіркеу мен ИСАЖ жүйесінің жұмыс істеуі, жер қойнауын пайдаланудың келісім шарттарының талабын түсіндіру туралы және т.б. көптеген сұрақтар берілді.

Есептік кездесу аяқталған соң, Ұлттық экономика министрі Орталық коммуникациялар орталығы алаңында баспасөз конференциясын өткізді. 

Баспасөз конференциясы барысында журналистер тарапынан ел Президенті Қ.К. Тоқаев жариялаған елді дамытудың 10 негізгі бағытын іске асыруға қатысты, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тежеу шарасы, 2020 жылы халық санағын өткізу мен оған бөлінген қаражат мәселесі туралы сауалдар берілді.

Министр сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлікті, электрондық сауданы, өңірлерді дамытуға, «Дипломмен ауылға» жобасын іске асыруға, сондай-ақ елдегі банктердің кредиттік каникулды енгізу мүмкіндігіне, ведомствоның кейбір функцияларының жаңа Сауда және интеграция министрлігіне берілуіне қатысты сұрақтарға жауап берді.

Баспасөз конференциясының тікелей көрсетілімі «Хабар 24» телеарнасында және Орталық коммуникациялар қызметінің «facebook» парағында жүргізілді.

Бұқаралық ақпарат құралдарында Министрдің есептік кездесуі туралы 160-тан аса хабар тіркелді.