• Special version
  • Mobile version

You are here

On introducing changes and amendments to the Resolution of the Government of the Republic of Kazakhstan of September 24, 2014 No. 1011 “Issues of the Ministry of National Economy of the Republic of Kazakhstan”

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 555-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:

16-тармақта:

67) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«67) халықаралық сауда-экономикалық ұйымдармен және интеграциялық бірлестіктермен, шет елдермен, шет елдердің одақтарымен келіссөздерде Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан өкілдік ету;»;

68) және 68-1) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«68) халықаралық және өңірлік ұйымдар шеңберіндегі, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу және мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;

68-1) Дүниежүзілік сауда ұйымының жұмыс органдарымен және Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшелерімен өзара іс-қимыл жасау және Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелігімен, оның ішінде қабылданған міндеттемелерді орындауымен және келіссөздерге қатысуымен байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;»;

мынадай мазмұндағы 68-2), 68-3) және 68-4) тармақшалармен толықтырылсын:

«68-2) Дүниежүзілік сауда ұйымының Дауларды шешу органымен өзара іс-қимыл жасау;

68-3) Дүниежүзілік сауда ұйымының жұмыс органдарымен және мүшелерімен өзара іс-қимыл жасау мәселелері жөніндегі мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру;

68-4) Дүниежүзілік сауда ұйымының мәселелері жөніндегі ақпарат орталығының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;»;

мынадай мазмұндағы 70-1) тармақшамен толықтырылсын:

«70-1) сыртқы сауда қызметін реттеудің кедендік-тарифтік, тарифтік емес, сауда және өтемақы шараларын қолдану, өзгерту немесе олардың күшін жою туралы ұсыныстарды қарау қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;

72) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«72) сауда және өтемақы шараларының мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;»;

мынадай мазмұндағы 72-1), 72-2), 72-3) және 72-4) тармақшалармен толықтырылсын:

«72-1) сауда шараларының мәселелері бойынша тергеп-тексеру жүргізетін органмен өзара іс-қимыл жасау;

72-2) өтемақы шараларының мәселелері бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл жасау;

72-3) сауда және өтемақы шараларының мәселелері бойынша мемлекеттік органдарының жұмысын үйлестіру;

72-4) өтемақы шарасын қолданудың орындылығы туралы қорытынды дайындау мақсатында тергеп-тексеруді жүргізу;»;

мынадай мазмұндағы 119-1) тармақшамен толықтырылсын:

«119-1) тауар биржалары саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қағидалары мен стандарттарын келісу;»;

120) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«120) биржалық тауарлардың тізбесін бекіту, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;»;

мынадай мазмұндағы 120-1) және 121-1) тармақшалармен толықтырылсын:

«120-1) тауар биржасындағы брокерлерді және (немесе) дилерлерді аккредиттеу қағидаларын келісу;

121-1) тауар биржаларының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауына бақылауды жүзеге асыру;»;

241) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«241) Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;»;

286) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«286) тауар биржаларының қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту;»;

17-тармағында:

1-35) тармақшаны мынадай редакцияда жазылсын:

«1-35) табиғи монополиялар салаларында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде және баға белгілеу тәртібінің және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі міндеттерінің сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау;»;

мынадай мазмұндағы 92-14) тармақшамен толықтырылсын:

«92-14) қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілері өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) шекті бағаларды:

шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарлама іс-шараларының орындалмауына;

шекті бағаларда ескерілген, электр энергиясын, тауарлық газды сатып алуға және (немесе) беруге арналған қаражаттың пайдаланылмауына;

шекті бағаларда ескерілген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді), оның ішінде жекелеген тұтынушылар топтарының тұтыну көлемдерінің асып кетуіне;

табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісілген тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) шекті бағадан асып кетуіне байланысты алынған кіріс мөлшерінде төмендету;».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

   Премьер-Министр

Республики Казахстан                                                              А. Мамин