2008 жылғы 4 қарашадағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 32-бабының 4-тармағына және «2018 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету және «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 823 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 880 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса берілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2018 - 2020 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары қайта бекітілсін.
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2018 - 2020 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын қайта бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 15 қарашадағы № 370 бұйрығының күші жойылсын.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Т. Сүлейменов
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі