• Special version
  • Mobile version

You are here

Single business support and business development program "Business Roadmap 2020"

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы 2010 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын жүзеге асыруға орай қабылданған.

Бұрын мұндай шағын және орта бизнесті кешенді қолдау тетігін қарастыратын ауқымды бағдарламалар қабылданбаған болатын.

Бағдарламаның ерекшелігі бұл ретте кәсіпкерлердің көп бөлігін қамтуды жүзеге асыра отырып, шартталған қарыздарға қарағанда мемлекеттен қаржының үлкен көлемін бұрып алуды талап етпейтін пайыздық мөлшерлемені субсидиялау болып табылады.

Бүгінгі күні аталған бағдарлама өзінің тиімділігін көрсетуде, ол толығымен өңірлік бизнесті дамытуға және тұрақты жұмыс орнын құруға бағытталған және ШОБ субъектілерін дағдарыс кезеңінде қолдау мақсатына сай болып отыр.

Бағдарламаны жүзеге асыруға өкілетті орган ретінде Ұлттық экономика министрлігі, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, облыстардың, қалалар мен моноқалалардың әкімдері, «Даму» КДҚ» АҚ және екінші деңгейлі банктер іске қосылған.

БЖК 2020 бағдарламасының құралдары төрт бағытта ұсынылған:

Бірінші бағыт моноқалаларда, шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін бизнес үшін салалық шектеулерсіз мемлекеттік қолдау көрсетуді қарастырады. Бұл осы елді мекендердегі әлеуметтік факторларды жақсарту және ірі қалалардан шеткері кәсіпкерлік қызметті жандандыру үшін жасалынып отыр.

Анықтама: қолдау мыналар арқылы жүзеге асырылады:

- банктердің/даму банктерінің/лизингтік компаниялардың номиналдық сыйақы мөлшерлемесі 19 пайыздан аспайтын, оның 10 пайызы мемлекеттен қаржыландырылып, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін қаржылық лизингтерінің шарттары/несиелері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау;

- банктердің/даму банктерінің ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді 85 пайызға дейін, жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлерді 50 пайызға дейін несиелер бойынша ішінара кепілдендіру;

- 3 млн.теңгеге дейін мемлекеттік гранттар беру;

- жеке микроқаржылық ұйымдардың номиналдық сыйақы мөлшерлемесі бойынша 20 пайыздан аспайтын, оның 10 пайызы мемлекеттен субсидияланатын, ал айырмасы шағын кәсіпкерлік субъектісі арқылы төленетін микронесиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау;

- микроқаржылық ұйымдардың банктердің алдындағы кепіл мөлшері несие сомасының 100 пайызына жететін несиелерін ішінара кепілдендіру;

- өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту.

Екінші бағыт экономиканың басым салаларын және ИИДМБ салаларын қолдауды жүзеге асыратын бизнеске қолдау көрсетуді көздейді. Барлығы, бағдарламаға сәйкес, экономиканың 64 басым саласы белгіленді.

Анықтама: қолдау мыналар арқылы көрсетіледі:  

- банктердің/даму банктерінің/лизингтік компаниялардың қаржылық лизинг шарттары/несиелері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;

- банктердің/даму банктерінің несиелері бойынша ішінара кепілдендіру;

- - өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту;

- индустриялық аймақтарды дамыту;

- ұзақмерзімді лизингтік қаржыландыру.

Үшінші бағыт бұл жалпы табыстың 10 пайызынан кем емес шетелдік валютадағы табысы бар бизнеске қолдау. Яғни, бұлар сыртқы нарықтарға бағдарланған кәсіпкерлік субъектілері.

Төртінші бағыт бизнеске қаржысыз қолдауды көздейді. Бұл қолдауды қаржысыз қолдаудың бірыңғай операторы түрінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасы орындайды.

Қолдаудың аталған бағытына болашақ және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді бизнес негіздеріне үйрету және консультациялық сүйемелдеу бойынша жобалар кешені жатады.