• Special version
  • Mobile version

You are here

On some issues of improving antitrust regulation

Қазақстан Республикасы Президентінің  төрағалығымен өткен 2019 жылғы 24 мамырдағы №19-01-7.20 кеңес хаттамасының 1.6, 4.3 және 4.4-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі – Жұмыс тобы) құрылсын.

2. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі кіші жұмыс тобының (бұдан әрі – Кіші жұмыс тобы) құрамы бекітілсін.

3.  Кіші жұмыс тобы 2019 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлесін және Жұмыс тобының қарауына ұсынсын;

4. Жұмыс тобы 2019 жылғы 30 желтоқсанға дейінгі мерзімде әзірленген ұсыныстарды қарап, бекітсін және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне жолдасын.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Министр                                                                                     Р. Дәленов