• Special version
  • Mobile version

You are here

74670

№: 74670 Дата: 07.10.2019 - 12:41:08 Статус: Answered
Вопрос:
Салеметсіз бе, "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша ерлі зайыпты екі дәрегер немесе мұғалім (әлеуметтік сала мамандары) мамандар бір тұрғын үйді бюджеттік кредитке сатып алуына бола ма? Алдын ала РАХМЕТ
Ответ:
Құрметті Шманова ханым! Өтініш білдіргеніңізге рахмет! Бүгінгі күні «Дипломмен ауылға» жобасы «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығының шеңберінде іске асырылады. Маман тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде Аталған Қағидағаның 8-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген құжаттар тізбесін ұсынады. Құжаттар тізбесінде некеде тұрған ерлі зайыптылар үшін неке туралы куәліктің көшірмесін, сонымен қатар аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтаманы тапсыру қажет. Осыған орай ауылдық елді мекенге жұмыс істеу және тұру үшін келген ерлі-зайыпты маманның бірі ғана бюджеттік кредитке тұрғын үй сатып алуға мүмкіндігі бар.