• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

2018 жылғы 11 маусымда Астана қаласында «Атамекен» ҰКП кеңсесінде Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу блогы бойынша Қоғамдық қабылдауының көшпелі отырысы өткізіледі

2018 жылғы 11 маусымда Астана қаласында «Атамекен» ҰКП кеңсесінде ҚР ҰЭМ, «Атамекен» ҰКП және бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу блогы бойынша Қоғамдық қабылдауының көшпелі отырысы өткізіледі.

Қоғамдық қабылдаудың отырысы екі бөлім бойынша өтеді.

Бірінші бөлімде ЕЭК өкілдері, оның ішінде ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) М.А.Құсайынов, ЕЭК Бәсекелестік саясат және мемлекеттік сатып алу саласындағы саясат департаментінің директоры А.М.Жұмабаева, ЕЭК Монополияға қарсы реттеу департаментінің директоры А.Г.Сушкевич іс-шараға қатысушыларды Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ нарығындағы бәсекелестікті қорғаудың құқықтық негіздерімен таныстырады және сұрақтарға жауап береді.

Екінші бөлім ЕЭК бәсекелестік және табиғи монополияға қарсы реттеу блогы өкілдерінің кәсіпкерлердің өкілдерін жеке қабылдауы түрінде өткізіледі. Өтінішпен келгендерге Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы шекаралас нарықтағы бәсекелестікке қарсы әрекеттің нәтижесінде құқықтардың бұзылуына орай Комиссияға шағым жасаудың тәртібі мен негізі түсіндіріледі. 

Басталуы: 2018 жылғы 11 маусым, сағат 10.00-де

Өткізілу орны: Астана қаласы, Қонаев к., 8, «Изумрудный квартал» БО, Б блогы, 26 қабат.

БАҚ-ты аккредиттеу а.ж. 8 маусым, сағат 13.00-ге дейін.

Аккредиттеу мәселесі бойынша: 8 (7172) 74-30-43, 8-771-110-22-24 телефондарына немесе e-mail: press@economy.gov.kz мекен-жайына хабарласу қажет.

*аккредиттеу кезінде төлқұжаттық/жекебас куәлігі деректерін (құжаттың нөмірі, мерзімі, кім бергені) және телефонды айту қажет.