• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

2018 жылғы 17-19 мамырда Астана қаласында «Global Challenges Summit 2018» XI Астана экономикалық форумы өткізіледі

Форум аясында бірыңғай экономикалық әлем, жаһандық стратегия әлемі, ресурстар әлемі, жаңа таза энергия әлемі, ұзақ жасау әлемі, болашақтағы ақша әлемі, жаһандық қауіпсіздік әлемі, жаңа адамзат әлемі, қалалар әлемі, сингулярлық әлем және цифрлық әлем тәрізді 11 жаһандық тақырыпты қарастыру көзделуде.  

Форумға әлемнің түрлі елінен түрлі мектептер мен бағыттардың өкілі – 500-ге жуық спикер келеді. Бұлар – визионерлер, саясаткерлер, технологтар, технологиялық өзгерістер көшбасшылары, денсаулық мәселесімен және ресурстармен айналысатын адамдар. Бұлар әлемдік деңгейдегі әралуан ғаламдық спикерлер:

Пан Ги Мун – бұрынғы БҰҰ бас хатшысы, қазірде Халықаралық олипиадалық комитеттің Этика жөніндегі комиссиясының төрағасы;  

Франсуа Олланд – Францияның экс-президенті;

Стив Возняк – Стив Джобспен бірге Apple компьютерлік компаниясын құрған америкалық өнертапқыш, инженер-электроншы;

Митио Каку – шыққан тегі жапондық, америкалық физик, ішек теориясының авторларының бірі, «Суперішек теориясына кіріспе», «Мүмкін емес физика», «Болашақ физика» және «Сананың болашағы» кітаптарының авторы, теориялық физиканы және әлемнің құрылымы туралы заманауи тұжырымдаманы дәріптеуші.