• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

2018 жылғы 20 қыркүйекте Алматы қаласында Орталық Азия экономикасы үшін (СПЕКА) БҰҰ арнайы бағдарламасының 20 жылдығына арналған Экономикалық форум және СПЕКА Басшылық кеңесінің 13-сессиясы өткізіледі

2018 жылғы 20 қыркүйекте Алматы қаласында Орталық Азия экономикасы үшін (СПЕКА) БҰҰ арнайы бағдарламасының 20 жылдығына арналған «СПЕКА жиырма жылдығы: 2030 жылға дейінгі кезеңгетұрақты даму саласындағы Күн тәртібін іске асыру мақсатындағы өңірлік ынтымақтастықтың жаңа кезеңі» тақырыбындағы Экономикалық форум және СПЕКА Басшылық кеңесінің 13-сессиясы өткізіледі.  

Үстіміздегі жылы Қазақстан СПЕКА-да төрағалық етуші ел, ҚР ҰЭМ жұмыс органы болып табылады.

Іс-шараға СПЕКА-ға қатысушы мемлекеттердің экономика және сауда мәселелеріне жауап беретін министрліктер мен ведомстволар басшыларының орынбасарлары, БҰҰ Еуропалық комиссиясы мен БҰҰ Азия және Тынық мұхитқа арналған Экономикалық комиссиясының  атқарушы хатшылары, сондай-ақ халықаралық ұйымдар қатысады.

Басталуы: 2018 жылғы 20 қыркүйек, тіркеу жергілікті уақыт бойынша 8:45-ке дейін

Өткізілу орны: Алматы қаласы, Назарбаев даңғылы, 164, Worldhotel Saltanat Almaty

БАҚ-ты аккредитациялау а.ж. 19 қыркүйек, сағат 14.00-ге дейін жүргізіледі.

Аккредитация мәселесі бойынша мына телефондарға: 8 (7172) 74-39-63, 8701-467-69-67 немесе e-mail: mineconomy.rk@gmail.com мекен-жайына хабарласу қажет.