• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

2018 жылғы 20 қыркүйекте Астана қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-мен бірге «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің қолданылу тәжәірибесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Жоғарғы сотының, ҚР Әділет министрлігінің, Жоғарғы сот жанындағы сот төрелігі академиясының, Заңнама институтының, «Атамекен» ҰКП, Каспий университетінің жеке құқық ғылыми-зерттеу институтының, М.Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ университетінің, «Grata» халықаралық заң фирмасының, сондай-ақ, Халықаралық стратегиялық зерттеулер академиясының өкілдері қатысады. 

Басталуы: 2018 жылғы 20 қыркүйек, тіркеу жергілікті уақыт бойынша 9:15-ке дейін.

Өткізілу орны: Астана қаласы, Экономика үйі, Темірқазық көшесі, №65, 214 кабинет (Мәжіліс залы).

БАҚ-ты аккредитациялау а.ж. 19 қыркүйек, сағат 14.00-ге дейін жүргізіледі.

Аккредитация мәселесі бойынша мына телефондарға: 8 (7172) 74-39-63, 8701-467-69-67 немесе e-mail: mineconomy.rk@gmail.com мекен-жайына хабарласу қажет.

*аккредитация кезінде төлқұжат/жекебас куәлігі мәліметтерін (құжаттың нөмірі, мерзімі, кім бергені) және телефон нөмірлерін хабарлау қажет.