• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Алматы қаласында, 2018 жылғы 11 қазанда, сағат 10.00-де ҚР Ұлттық экономика министрлігі «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-мен бірге «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің қолданылу тәжірибесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар Кәсіпкерлік кодекстің қолданылу тәжірибесімен бөліседі. Бұл құжаттың кәсіпкерлік субъектілерінің және басқа да тұлғалардың сұранысына ие екендігін, тұтас алғанда, оның тиімділігін, сондай-ақ оны одан ары жетілдірудің қажеттігін анықтауға мүмкіндік береді.

Іс-шараның ашылуына ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин қатысады.

Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Жоғарғы соттың, Әділет министрлігінің, Жоғарғы сот жанындағы Сот төрелігі академиясының, «Атамекен» ҰКП, М.Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ университетінің, «Grata» халықаралық заңгерлік фирмасының өкілдері шақырылған.

Тіркеудің басталуы: 2018 жылғы 9 қазан, сағат 9:30

Өткізілу орны: Алматы қаласы, Розыбакиев көшесі, 227, Almaty Management University ғимараты.

БАҚ-ты аккредиттеу а.ж. 10 қазан, сағат 12:00-ге дейін.

Аккредиттеу мәселесі бойынша: 87172743963, 8701-467-69-67, 8701-221-11-10 телефондарына немесе e-mail: mineconomy.rk@gmail.com мекен-жайына хабарласу қажет.

*аккредиттеу кезінде төлқұжат/жекебас куәлігі деректерін (құжаттың нөмірі, мерзімі, кім бергені) және телефонды хабарлау қажет.