• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметтің реттелуін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы бойынша ақпараттық-түсіндірмелі іс-шаралар анонсы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Мемлекет басшысы 2018 жылғы 24 мамырда қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметтің реттелуін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Заң) түсіндіру бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлайды.

Заңның нормалары мен ережелерін түсіндіру мақсатында бірқатар ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары жоспарланған:

  1. Ағымдағы жылғы 8 маусымПавлодар қ. (Павлодар, Шығыс Қазақстан облысы);
  2. Ағымдағы жылғы 15 маусымКөкшетау қ. (Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысы);
  3. Ағымдағы жылғы 20 маусымАлматы қ. (Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облысы);
  4. Ағымдағы жылғы 22 маусымАқтөбе қ.  (Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облысы);
  5. Ағымдағы жылғы 29 маусымАстана қ. (Қарағанды облысы).

Іс-шараның спикерлері ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, ҚР Бас прокуратураның өкілетті тұлғалары болып табылады. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және бизнес-қауымдастықтар өкілдерінің қатысуы жоспарланып отыр.

Қызығушылық танытқан жағдайда +7(7172)701790 немесе 8(771) 3756594 телефондары арқылы, сондай-ақ D.Mukusheva@economy.kz электрондық мекенжайы бойынша қатысуыңызды растауды сұраймыз (байланысушы тұлға: Мукушева Динара).