• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

XII Астана экономикалық форумы 2019 жылғы 16-17 мамырда өткізіледі

Екі күн бойы, 16-17 мамырда, Қазақстан Республикасының астанасы Нұр-Сұлтан қаласында жаһандық көшбасшылар мен жетекші халықаралық сарапшылар әлемдік экономикадағы маңызды мәселелерді талқылау және оларды шешу жолдары туралы ұсыныс беру үшін бас қосады.

Биыл АЭФ-2019 ЕХРО Конгресс-орталығында және Hilton Astana мейманханасында өткізіліп, оған 5 мыңдай адам қатыспақ. Оның жартысы – әлемнің 100 елінен келген шетелдік делегация.  

Осы уақытқа дейін бірқатар халықаралық мейман өзінің жиынға қатысатынын растады. Бұлардың ішінде: 2018 жылғы экономика саласындағы Нобель сыйлығының иегері, Дүниежүзілік банктің бас экономисі (2016-2018)  Пол Ромер, Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристин Лагард, АҚШ федералдық резерв төрағасының орынбасары (2014-2017) Стэнли Фишер, 2007 жылғы нобель сыйлығы иегері, Инчхон мемлекеттік университетінің (Корея Республикасы) құрметті профессоры Рае Квон Чунг, Nokia Директорлар Кеңесінің төрағасы, F-Secure Corporation-нің негізін салушы Ристо Сииласмаа, Ресей Жинақ банкінің басқарма президенті және төрағасы Герман Греф, БҰҰ бас хатшысының орынбасары, Азия және Тынық мұхит экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) атқарушы хатшысы Армида Алисджабана бар.

XII Астана экономикалық форумының бас тақырыбы – ШАБЫТТАНДЫРУШЫ ӨСІМ: АДАМДАР, ҚАЛАЛАР, ЭКОНОМИКА. Іс-шараға қатысушылар жаңа тұрақты өсу, адами капиталды дамыту және қалалардың халықаралық білім мен инновация орталығы ретіндегі әлеуетін арттыру жолын талқылайды.

Форумда панельдік сессия, дөңгелек үстел, конфренциялар мен бизнес-диалог форматында 50 іс-шара жоспарланған.

Бұл күнде қатысушыларды тіркеу мен БАҚ өкілдерін аккредиттеу форумның сайтында жүргізіліп жатыр: http://forum-astana.org/

Форум туралы

Астана экономикалық форумы – Еуразиядағы жыл сайынғы орталық іскерлік оқиға.

11 жыл ішінде Астана экономикалық форумы (АЭФ) әлемдік экономика мен қаржылық жүйені сауықтыру мен дамытуды талқылауға арналған аса беделді халықаралық алаң мәртебесіне ие болды. Форумға әлемнің 150 елінен 50 000 делегат келген. Оның ішінде 20 Нобель сыйлығы лауреаты болса, 30-ы жоғары мәртебелі шетелдік саяси қайраткер.

Конгресс аясында 20 млрд.АҚШ долларынан асатын сомадағы 300 меморандум мен келісім жасалған.

АЭФ тақырыбы жыл сайын жаңартылып отырады. Ол жалпыәлемдік дамудың көптеген ауқымды міндеттерін қарап, көптеген түйткілді мәселелерді талқыға салады.