• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 98-қадамын жүзеге асыру бойынша Ауылдық округ әкімдерінің форумы

1. ІС-ШАРАНЫҢ ӨТКІЗІЛУ КҮНІ, УАҚЫТЫ ЖӘНЕ ОРНЫ

2017 жылғы 2 қараша,

09.00 – 09:30 Форумға қатысушыларды тіркеу

Өткізілу орны:  Ақтөбе қаласы

2. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР ЖӘНЕ БАЙЛАНЫСТАР:

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі,

Тел. 8 (7172) 74-30-39, 74 - 33-77, 74-39-63

3. ІС-ШАРАНЫ ӨТКІЗУДІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Форум уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері мен үдерістің тікелей қатысушылары, ауылдық округ әкімдерінің (Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының) арасындағы диалог алаңына айналады. Сондай-ақ іс-шара аясында ауылдық округ әкімдерін оқыту жоспарланып отыр.

4. ІС-ШАРА ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ АҚПАРАТ

2012 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту Тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) қабылданды, оның негізіне Жергілікті өзін-өзі басқарудың Еуропалық хартиясында бекітілген муниципалдық демократия мен муниципалдық басқарудың жалпыға мәлім құндылықтары салынған.

2013-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша Іс-шаралар жоспарының (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бірінші кезеңін іске асыру мақсатында, «Қазақстан Республикасының жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңымен жергілікті өзін өзі басқару органдарының құзыретін, жергілікті қоғамдастық жиындары мен жиналыстарының қызметін айқындайтын нормалар бекітілді. Сондай-ақ аудандық маңыздағы қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерінің сайлауын өткізу тәртібі бекітілді.

2014 жылы жергілікті өзін өзі басқару органдарының қаржылық дербестігін кеңейтуді қарастыратын «Қазақстан Республикасының салық салу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданды.

ЖӨБ бюджеті аудандық маңыздағы қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер деңгейінде мемлекеттік бюджеттің IV деңгейі ретінде 2018 жылдан бастап 2000 адамнан асатын тұрғыны бар әкімшілік-аумақтық бірліктерде, ал 2020 жылдан бастап барлық жерде енгізіледі.

Жергілікті өзін өзі басқаруды одан арғы дамыту.

2020 жылға дейінгі Іс-шаралар жоспарына сәйкес мынадай іс-шаралар қарастырылған:

  • басқарудың төменгі деңгейіндегі әкімдерге әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт нысандарын ұстап тұруды ұйымдастыру мәселесі бойынша міндеттерді беру мәселесі бойынша шетелдік тәжірибелерді зерттеу мен ұсыныстар әзірлеу;
  • ауылдық округтер деңгейінде (толыққанды жергілікті өзін өзі басқаруды қалыптастырудың әлеуетін күшейту мақсатында) әкімшілік-аумақтық бірліктерді оңтайландыруды жүргізу мүмкіндігі туралы ұсыныстарды әзірлеу;
  • облыстық маңыздағы қалалардың, облыстардың аудандарының және қалалардағы аудандардың әкімдерінің сайлануын енгізу мүмкіндігі туралы мәселені зерттеу және пысықтау;
  • облыс-аудан, аудан-ауыл деңгейінде жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару функцияларын одан арғы ажырату бойынша (міндеттерді беру), жергілікті өзін өзі басқарудың өкілетті органын құру және ұйымдастыру, олардың мәртебесі туралы ұсыныстарды әзірлеу.