• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

2017 жыл 11-13 желтоқсанда Алматы қаласында Сауда және инвестиция жөніндегі Америкалық-Орта Азия Кенесінің (ТИФА) отырысы және ТИФА Бизнес-Форумі өткзіледі

2017 жылғы 13 желтоқсанда Алматы қаласында ҚР Ұлттық экономика министрлігі «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, ТИФА елдері бизнес өкілдерінің және сарапшыларының қатысуымен бизнес-форум ұйымдастырады. Бизнес-форум аясында америкалық тарап дамушы елдер үшін Бас преференциялар жүйесі туралы (GSP) таныстырылым ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Іс-шараға ТИФА елдерінің (Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан және АҚШ) сауда және экономика министрлері мен вице-министрлері және бақылаушылар (Ауғанстан, Пәкістан) қатысады.

Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Бекешев Бауыржан Бейсенбайұлы басқарады.