• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

2017 жылғы 26 қазанда Шымкент қаласында ауылдық округ әкімдерінің форумы өткізіледі.

Тақырыбы – «Жергілікті өзін өзі басқарудың дербес бюджетін енгізу».

Форумда Оңтүстік-Қазақстан, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарының аудандық маңыздағы қалаларының, ауылдарының, кенттерінің, ауылдық округтерінің 350-ден астам әкімі бас қосады.

Форумның панельдік сессиясына Оңтүстік-Қазақстан облысының әкімі, Ұлттық экономика және Қаржы вице-министрлері, сарапшылар мен саясаткерлер қатысады.

Форум өкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері мен үдеріске тікелей қатысушы ауылдық округтер әкімдерінің арасындағы диалог алаңы болмақ. Сондай-ақ іс-шара аясында ауылдық округтердің әкімдерін оқыту жоспарланып отыр.

Басталуы: 10.00

Өткізу орны: Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 55 үй, Қазақстан халқы Ассамблеясының (бұрынғы «Қазақстан» кинотеатры) ғимараты.

БАҚ-ты аккредитациялау а.ж. 25 қазан, сағат 18.00-ге дейін жүргізіледі.

Аккредитация мәселесі бойынша мына телефондарға: 8 (7172) 743 - 963, 743 - 961, 743 – 377 немесе e-mail: mineconomy.rk@gmail.com мекен-жайына хабарласуға болады.

*аккредитация кезінде төлқұжаттық/жекебас куәлігі мәліметтерін (құжаттың нөмірі, мерзімі, кім бергені) хабарлау қажет 

Анықтама: Мемлекет басшысының Жарлығымен 2012 жылы Жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы (бұдан әрі – тұжырымдама) қабылданды, оның негізіне жергілікті өзін өзі басқарудың Еуропалық хартиясында бекітілген муниципалдық демократия мен муниципалдық басқарудың көпшілік таныған құндылықтары салынған.

Қазақстан Республикасының жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) 2013-2020 жылдарға арналған Іс-шаралар жоспарының бірінші кезеңін жүзеге асыру мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы арқылы жергілікті өзін өзі басқару органдарының өкілеттілігін, жергілікті қоғамдастық жиындары мен жиналыстарының қызметін айқындайтын нормалар бекітілді.  Сондай-ақ аудандық маңыздағы қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерінің сайлауын өткізудің тәртібі бекітілді.

2014 жылы жергілікті өзін өзі басқару органдарының қаржылық дербестігін кеңейтуді қарастыратын «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданды.

ЖӨБ бюджеті аудандық маңыздағы қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер деңгейінде мемлекеттік бюджеттің 4-деңгейі ретінде 2018 жылдан бастап халық саны 2 мың адамнан асатын әкімшілік аумақтық бірліктерде, ал 2020 жылдан бастап барлық жерде енгізіледі.

Жергілікті өзін өзі басқаруды одан арғы дамыту.

2020 жылға дейінгі Іс-шаралар жоспарына сәйкес мынадай іс-шаралар қарастырылған:

- басқарудың төменгі деңгейіндегі әкімдерге әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт нысандарын ұстап тұруды ұйымдастыру мәселесі бойынша міндеттерді беру мәселесі бойынша шетелдік тәжірибелерді зерттеу мен ұсыныстар әзірлеу;

- ауылдық округтер деңгейінде (толыққанды жергілікті өзін өзі басқаруды қалыптастырудың әлеуетін күшейту мақсатында) әкімшілік-аумақтық бірліктерді оңтайландыруды жүргізу мүмкіндігі туралы ұсыныстарды әзірлеу;

- облыстық маңыздағы қалалардың, облыстардың аудандарының және қалалардағы аудандардың әкімдерінің сайлануын енгізу мүмкіндігі туралы мәселені зерттеу және пысықтау;

- облыс-аудан, аудан-ауыл деңгейінде жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару функцияларын одан арғы ажырату бойынша (міндеттерді беру), жергілікті өзін өзі басқарудың өкілетті органын құру және ұйымдастыру, олардың мәртебесі туралы ұсыныстарды әзірлеу.