• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

2018 жылғы 14 наурызда, сағат 10:00-де Астана қаласында Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының арасындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі Бірлескен үкіметаралық комиссияның 17-отырысы

2018 жылғы 14 наурызда, сағат 10:00-де Астана қаласында Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының арасындағы  екіжақты ынтымақтастық жөніндегі Бірлескен үкіметаралық комиссияның 17-отырысы екі елдің Премьер-министрлерінің бірінші орынбасарларының деңгейінде өткізіледі.   

Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық, оның ішінде ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік, мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимыл салаларындағы ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен даму перспективалары қарастырылатын болады.

Отырыстың қорытындысы бойынша хаттамаға, сондай-ақ Қазақстандағы Өзбекстан жылын өткізу бойынша Іс-шаралар жоспарына қол қойылады.

Өткізілу орны: «Рэдиссон» отелі, Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 4.

БАҚ-ты аккредиттеу: 2018 жылғы 13 наурыз, сағат 15.00-ге дейін, 8(7172) 743961, 8 (7172) 743043 телефондары бойынша, эл.пошта: mineconomy.rk@gmail.com.