• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

2018 жылғы 16 ақпанда республикалық ақпараттық топ Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша Павлодар қаласына барады

2018 жылғы 16 ақпанда Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің басқаруымен орталық мемлекеттік органдар және ұйымдардың басшылары мен өкілдерінен тұратын республикалық ақпараттық топ Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша Павлодар қаласына барады.

Аталған іс-шара аясында Т.Сүлейменов Павлодар облысының әкімі Б.Бақауовтың кезекті есеп беру кездесуіне қатысады.

Жолдауды түсіндіру бойынша республикалық ақпараттық топтың сапары Жолдауды жүзеге асыру барысын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі Іс-шаралар жоспарын орындау аясында өткізіледі.