• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІНІҢ ХАЛЫҚҚА ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІ ӨТКІЗІЛЕДІ

2018 жылғы 18 маусымда Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің халыққа есеп беру кездесуі өткізіледі.

Есеп беру кездесуінде Министр ҚР ҰЭМ өткен жылғы қызметі мен алдағы жоспарлары туралы баяндайды, сондай-ақ есептік кездесу барысында қойылған азаматтардың сұрақтарына жауап береді. Өңір тұрғындары үшін онлайн-режимде сауал қою мүмкіндігімен бейне-конференцбайланыс қамтамасыз етіледі.

Министрдің есеп беру кездесуінің тікелей көрсетілімі www.bnews.kz ақпараттық интернет-порталында, сондай-ақ «Хабар 24» телеарнасында жүргізілетін болады. 

Өткізілу орны мен уақыты: Астана қ., Д. Қонаев көш. 4, «Қазмедиа орталығы», киноконцерт залы, 11-00с.

Сауал жолдау және қосымша ақпарат алу үшін «Call-centre»-ге 8 (7172) 74-37-46 телефоны бойынша, http://economy.gov.kz/kk/content/esep-beru-kezdesui-0 сілтемесі бойынша министрліктің интернет-ресурсына, сондай-ақ press@economy.gov.kz,  mineconomy.rk@gmail.com электрондық пошта мекен-жайына хабарласу қажет.

БАҚ өкілдерін аккредиттеу а.ж. 13 маусым, 15:00 сағатқа дейін +8-(7172)-74-39-63 телефоны, e-mail: press@economy.gov.kz, mineconomy.rk@gmail.com бойынша жүргізілетін болады.