• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Үстіміздегі жылғы 29 қаңтарда Алматы қаласында сағат 10.00-де Қазақстандағы бизнес-климатты жақсартуға бағытталған реформаларды түсіндіру бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдар өкілдерінің бизнес-қоғамдастықпен кездесуі өткізіледі

ҚР Ұлттық экономика министрлігі ұйымдастырып отырған іс-шараға Инвестициялар және даму, Ауыл шаруашылығы, Энергетика, Қаржы, Әділет, Ақпарат және коммуникациялар министрліктерінің, Жоғарғы соттың, Ұлттық Банктің, Алматы қаласы әкімдігінің, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Атамекен» ҰКП өкілдері, сондай-ақ халықаралық сарапшылар бизнес-қоғамдастық өкілдерінің кең ортасын қамти отырып, қатыспақ.

Тіркеудің басталуы: 2018 жылғы 29 қаңтар, сағат 09:00-09:30.

Өткізілетін орын: Алматы қаласы, Розыбакиев көшесі, 227, Almaty Management University ғимараты.

Аккредитация ү.ж.26 қаңтар, сағат 18.00-ге дейін жалғасады.

Аккредитация мәселесі бойынша мыналарға хабарласу қажет: тел: 8 (7172) 74-39-63, 74 -33 -77;

е-mail:mineconomy.rk@gmail.com

*аккредитация кезінде төлқұжат/жекебас куәлігі мәліметтерін (құжаттың нөмірі, күні, кім бергені) беру қажет