• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

Халықаралық ынтымақтастық департаментінің міндетіне мыналар кіреді:

1. Шетелдік мемлекеттермен халықаралық экономикалық қатынастар саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар жасау және қол жеткізілген келісімдер мен уағдаластықтарды жүзеге асыруды қамтамасыз ету.

2. Жылсайынғы Астана экономикалық форумына дайындық және оны өткізу бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмысын үйлестіру.

3. Аймақтық интеграциялық бірлестіктер мен халықаралық ұйымдардың аясындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар жасау және интеграциялық бірлестіктермен қол жеткізілген келісімдер мен уағдаластықтарды жүзеге асыруды қамтамасыз ету.

Департамент өз құзыреті аясында шетелдік мемлекеттермен және халықаралық интеграциялық бірлестіктермен экономикалық ынтымақтастық жөніндегі халықаралық келісімдердің, стратегиялардың, бағдарламалардың, іс-шаралар жоспарының жобасын әзірлейді, экономикалық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі халықаралық келісімдердің мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық жобалары бойынша сараптамалар жүргізеді.