• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Өңірлік саясат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі заңының 18 бабы, 8 тармағына сәйкес, "Дипломмен ауылға" жобасының аясында  ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешені мамандарына 70 АЕК мөлшеріндегі көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін 1500 АЕК-ке дейін бюджеттік несие түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары беріледі.