• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

Макроэкономикалық талдау және болжамдау департаменті туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

1. Макроэкономикалық талдау және болжамдау департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде  Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Министрлік туралы Ережені, бұйрықтарды және Министрлік басшылығының бұйрықтары мен тапсырмаларын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрліктің жауапты хатшысы министрдің келісімі бойынша бекітеді.

4. Департамент:

1) Макроэкономикалық болжамдау және үлгілеу басқармасынан (бұдан әрі – МБҮБ);

2) Макроэкономикалық талдау және мониторинг басқармасынан (бұдан әрі – МТМБ);

3) Орта мерзімді макроэкономикалық саясат басқармасынан (бұдан әрі – ОМСБ);

4) Экономикалық саясатты үйлестіру басқармасынан (бұдан әрі – ЭСҮБ) тұрады.

 

2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары

 

5. МБҮБ:

5.1. Міндеті: Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің болжамын әзірлеу.

Функциялары:

1) елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді болжамдарын әзірлеу;

2) экономика салаларының дамуы туралы деректер негізінде жалпы ішкі өнімнің нақты көлемінің индексін (бұдан әрі - ЖІӨ НКИ) ай сайынғы бағалауды жүзеге асырады;

3) экономикалық саясат шараларының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге әсерін бағалауды жүзеге асырады;

4) ЖІӨ-нің болжамды өсуін қамтамасыз ету үшін экономика салалары дамуының нысаналы индикаторларына қолжетімділікті бағалауды жүзеге асырады;

5) мемлекеттік инвестициялық бағдарламалардың экономиканың өсуіне әсерін бағалауды жүзеге асырады;

6) тарифтік реттеудің  тұтыну бағаларының индексіне және тұтастай алғанда макроэкономикалық көрсеткіштерге әсерін бағалауды жүзеге асырады;

7) дағдарысқа қарсы ден қоюға бағытталған экономикалық саясат шараларын әзірлейді.

5.2. Міндеті: макроэкономикалық болжау әдістерін жетілдіру және макроэкономикалық болжамдау модельдерін енгізу.

Функциялары:

1) макроэкономикалық болжамдарды әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

2) макроэкономикалық болжамдау әдістері мен құралдарын жетілдіру және макроэкономикалық болжамдау модельдерін енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеуді  жүзеге асырады.

6. МТМБ:

6.1. Міндеті: республиканың макроэкономикалық көрсеткіштерін мониторингілеу және талдау.

Функциялары:

1) негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге мониторинг жүргізеді және экономиканың дамуын талдауды жүзеге асырады;

2) негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша деректер қорын қалыптастырады және оны өзекті жағдайда қолдауды қамтамасыз етеді;

3) инфляциялық процестерге факторлық талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процестерді реттеу бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысады;

4) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есепті және Үкімет отырыстарына басқа да ақпаратты қалыптастырады;

5) халықаралық рейтингтердегі елдің бәсекеге қабілеттілігі көрсеткіштеріне макроэкономикалық саясатты талдау және бағалау бөлігінде Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігі туралы баяндаманың бөлімдерін қалыптастыруға қатысады;

6) Министрлік жанындағы «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамының қызметін үйлестіреді;

7) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің және мемлекеттік органдардың Елдің және әлемнің экономикасында болып жатқан процестерді жедел мониторингілеу бойынша Ақпараттық-талдамалық жүйенің (бұдан әрі – АТЖ) деректер қорын қалыптастыру және сүйемелдеу жұмыстарын үйлестіреді және АТЖ дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысады;

8) көлеңкелі экономиканың көлемін төмендету бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысады және республикадағы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша экономикалық саясат шараларын іске асыру бойынша мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіруді қамтамасыз етеді.

7. ОМСБ:

7.1. Міндеті: мемлекеттік органдардың әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын есепке ала отырып экономикалық саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу және қызметін үйлестіру.

Функциялары:

1) Қазақстан Республикасының орта мерзімді кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын қалыптастыруға қатысады;

2) Қазақстан Республикасының орта мерзімді кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтарын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;

3) мемлекеттік органдардың елдің макроэкономикалық саясатын қалыптастыру және іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіреді;

4) мемлекеттік органдардың экономика өсуінің жоспарланған орта мерзімді кезеңге арналған параметрлерін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауын үйлестіреді және оларға қол жеткізу бойынша Үкіметке есеп дайындайды;

5) Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырыстарын ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмысты үйлестіреді.

7.2. Міндеті: Қазақстан Республикасының бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу және оны әдіснамалық қамтамасыз ету.

Функциялары:

1) Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеуді әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

2) мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысады;

3) «Елдің бесжылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы» құжатын әзірлеу кезінде мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіреді;

4) орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ өзге мемлекеттік органдардың қатысуымен Елдің бесжылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын қалыптастырады.

8. ЭСҮБ:

8.1. Міндеті: әлемдік экономикадағы жағдайды талдау және мониторингілеу, әлеуетті сыртқы тәуекелдерді бағалау және олардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсері.

Функциялары:

  1. әлемдік экономикадағы макроэкономикалық жағдайды мониторингілеуді және талдауды жүзеге асырады;
  2. елдер мен тауар топтары бөлінісінде сыртқы сауда қызметі көрсеткіштерінің дамуын мониторингілеу мен талдауды жүзеге асырады;
  3. халықаралық тәжірибе негізінде экономикалық саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейді;
  4. әлеуетті сыртқы тәуекелдерді және олардың елдің экономикасына әсерін бағалауды жүргізеді;
  5. қалыптыстырылып жатқан Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде келісілген макроэкономикалық саясатты жүргізу жөніндегі ұсыныстарды үйлестіруді және қалыптастыруды жүзеге асырады;
  6. экономикалық саясат мәселелеріне қатысты бөлігінде Қазақстан Республикасы мен ЭЫДҰ арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі елдік бағдарламаны іске асыруға қатысады.

8.2. Міндеті: мемлекеттік органдардың халықаралық рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимылы бойынша жұмысын үйлестіру.

Функциялары:

1) тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың Standard & Poor’s, Moody’s Investors Service, Fitch Ratings Ltd. халықаралық рейтингтік агенттіктерімен өзара іс-қимылын, Қазақстан Республикасының егеменді кредиттік рейтингтерінің жай-күйінің мониторингін қамтамасыз етеді;

2) Қазақстан Республикасының егеменді кредиттік рейтингтерін қайта қарау мәселелері бойынша халықаралық рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимыл бойынша бюджеттік бағдарламаны әкімшілендіруді жүзеге асырады;

3) халықаралық рейтингтік агенттіктерге тұрақты түрде беру үшін тиісті құрылымдық бөлімшелермен және мемлекеттік органдармен бірлесіп Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы және оның даму перспективалары бойынша ақпарат жинауды және дайындауды жүзеге асырады.

Бұдан басқа, Департамент:

Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша стратегиялық құжаттарды және мемлекеттік бағдарламаларды, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауларын, басқа да маңызды жалпымемлекеттік құжаттарды қалыптастыруға қатысады;

Департамент құзыреті шегінде стратегиялық, операциялық жоспарларды, меморандумдарды және басқа бағдарламалық құжаттарды қалыптастыруға қатысады;

Департамент құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілер жобаларының экономикалық саясаттың басымдықтары мен негізгі бағыттарына сәйкестігіне экономикалық сараптаманы жүзеге асырады;

Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша стратегиялық және салалық бағдарламалар жобаларына экономикалық саясаттың басымдықтары мен негізгі бағыттарына, елдің әлеуметтік-экономикалық даму параметрлеріне сәйкестігіне экономикалық сараптаманы жүзеге асырады;

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінде, Президент Әкімшілігінде, Қазақстан Республикасы Үкіметі және Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдарда және мемлекеттік емес ұйымдар мен бірлестіктерде өткізілетін іс-шараларда басшылықтың сөз сөйлеуі үшін Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша баяндамалар, материалдар жобаларын дайындауды жүзеге асырады;

қажет болған жағдайда Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық жүйелерді жетілдіруге қатысады;

Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша экономика және сауда саласында зерттеулер жүргізу бойынша мемлекеттік сатып алу жүргізу үшін зерттеулердің, техникалық ерекшеліктердің тақырыптарын, мемлекеттік сатып алу жоспарын, қаржыландыру жоспарын және бюджеттік өтінімдерді қалыптастыруға қатысады;

республикалық бюджеттен қаржыландырылатын және шетелдік ұйымдармен бірлесе жүргізетін зерттеулердің тақырыбын қалыптастырады және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулер тақырыбын қарау мәселелері бойынша Комиссия қорытындысына ұсыныстар дайындайды;

кіріс және шығыс ақпарат бойынша материалдарды және қорытындыларды уақтылы дайындауды, жоғары тұрған басшылықтан алынған басқа да тапсырмаларды орындауды жүзеге асырады;

Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша депутаттар мен азаматтардың сауалдарына жауаптар дайындауға қатысады;

Департамент құзыреті шегінде бұқаралық ақпарат құралдарында және Министрліктің интернет-ресурсында Министрліктің қызметін жариялайды;

құжаттарды есепке алу мен сақталуын, олардың Министрліктің мұрағатына сақтауға беруге дейінгі жай-күйі мен сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша семинарлар, кеңестер, брифингтер және басқа да іс-шаралар өткізуге қатысады;

Министрлік басшылығының сұрауы бойынша Департамент құзыретінің шегінде селекторлық кеңестерге материалдар, анықтамалар және басқа да жедел ақпараттарды дайындауға қатысады;

Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-ның құрылымы мен ережелерін қарауға және келісуге қатысады.

басшылықтың өзге де жұмыс тапсырмаларын орындайды.

9. Құқығы және міндеттері:

өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктен, орталық және жергілікті атқарушы органдардан, сондай-ақ өзге де мүдделі ұйымдардан белгіленген тәртіпте сұрауға және алуға;

оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте кеңес шақыруға және өткізуге, оған Министрліктің басқа бөлімшелерінің, басқа мемлекеттік органдардың және мүдделі ұйымдардың мамандарын қатысу үшін тартуға;

оның мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, Министрлік бөлімшелерінің, өзге де мүдделі ұйымдардың кеңестеріне қатысуға;

өз құзыретінің шегінде мемлекеттік және өзге де ұйымдарда Министрліктің мүддесін (басшылықтың тапсырмасы бойынша) білдіруге;

Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрлік басшылығына ұсыныстар енгізуге;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтауға;

Департамент жұмысын нақты ұйымдастыруды қамтамасыз етуге және оны жетілдіруге;

орындайтын тапсырмаларының мерзімдері мен сапасына жеке жауапкершілікте болуға, қызметтік міндеттерді адал орындауға;

еңбек және атқарушылық тәртіпті, мемлекеттік және қызметтік құпияларды қатаң сақтауға;

өз біліктілігін арттырумен жүйелі түрде шұғылдануға;

қызмет этикасы қағидаларын қатаң сақтауға міндетті.

 

 

3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру

 

10. Департамент заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы  Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.

11. Департаментті  Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын Директор басқарады.

12. Департамент директорының үш орынбасары бар.

13. Департамент директоры Департамент қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға жеке жауапкершілікте болады.

14. Департамент директоры Министрлік басшылығына Департаменттің  құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.

15. Осы мақсатта Департамент директоры:

1) өзінің орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) басқарма басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

3) заңдарға және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

16. Департамент директорының орынбасарлары:

1) өз өкілеттіктері шегінде Департамент қызметін үйлестіреді;

2) Департамент директоры болмаған кезеңде Департамент қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға жеке жауапкершілікте болады;

3) Департамент директоры жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

17. Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент  атынан Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелеріне жіберілетін құжаттарына Департамент директоры, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.