• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

Халықаралық экономикалық интеграция департаменті туралы  Ереже

<--break->1. Жалпы ережелер

1. Халықаралық экономикалық интеграция департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде  Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Министрлік туралы ережені, Министрлік басшылығының бұйрықтары мен тапсырмаларын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіпте Министрдің келісімі бойынша Министрліктің Жауапты хатшысы бекітеді.

4. Департамент:

1) ЕурАзЭҚ пен Кеден одағының жұмыс істеуі мәселелері басқармасынан  (бұдан әрі – КОБ);

2) Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру мәселелері басқармасынан  (бұдан әрі - БЭКБ);

3) Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде шешімдерді талдау және мониторингі басқармасынан (бұдан әрі - ТМБ) тұрады.

2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары,

құқықтары мен міндеттемелері.

 

5.КОБ:

5.1. Міндеті:Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі - ЕАЭО)  шеңберінде Қазақстан Республикасының Кеден одағына (КО) қатысуы бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстарын әзірлеу және мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруі;

Функциялары:

1) халықаралық және өңірлік ұйымдар шеңберінде, оның ішінде ЕАЭО шеңберінде Кеден одағында шеңберінде мемлекеттік органдардың сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөнінде ұсыныстарын әзірлейді және қызметін үйлестіреді;

2) мүдделі мемлекеттік органдармен және Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, Қазақстанның КО-ға қатысуы, КО-ның жұмыс істеуі тетіктерін жетілдіру, Қазақстан Республикасының интеграциясын тереңдету шеңберінде, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі - ЕЭК) шешім қабылдауға құқылы мәселелер бойынша, оның ішінде ЕЭК-тің жұмыс органдарына қатысу шеңберінде қазақстандық ұстанымды қалыптастырады;

3) мүдделі мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп КО-ны қалыптастыру және жұмыс істеуіне байланысты мәселелердің мазмұнды бөлігін пысықтауды қамтамасыз етеді;

 4) мүдделі мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп ЕЭК Алқасының, ЕЭК кеңесінің, Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына шығарылатын мәселелер бойынша қазақстандық тараптың ұстанымын, сондай-ақ экономикалық интеграция мәселелері бойынша үйлестіру кеңесінің отырысына материалдар дайындауды қамтамасыз етеді;

5) КО жұмыс істеуі шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлейді;

6) мемлекеттік органдардың ЕЭК-пен өзара іс-қимылы бойынша қызметін және КО жұмыс істеуі мәселелері бойынша ЕЭК шешімдерін іске асыруды үйлестіруді жүзеге асырады;

7) ЕЭК алқасы жанындағы жетекшілік ететін консультативтік органдардың, жұмыс (сарапшылар) топтарының отырыстары туралы жиынтық ақпаратты жинауды және талдауды жүзеге асырады;

8) Қазақстан Республикасының КО-ға қатысуынан туындауы мүмкін салдарларды бағалау бойынша талдамалық зерттеулер жүргізуге қатысады;

9) КО шеңберінде экономикалық интеграция мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді;

          10) КО жұмыс істеуі және экономикалық интеграцияны дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары әзірлеген нормативтік құқықтық актілерді келісуді жүзеге асырады;

11) мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп халықаралық құқық талаптарын ескере отырып, КО-ны қалыптастыратын халықаралық шарттарды және өзге де құжаттарды мазмұнды толықтыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;

12) КО-ны қалыптастыратын Халықаралық шарттарды және өзге де құжаттарды Қазақстанда, сондай-ақ бейнеконференция байланысы арқылы өткізген кезде олардың жобаларын талқылау бойынша келіссөздерді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

6. БЭКБ:

6.1. Міндеті: мемлекеттік саясаттың жұмыс істеуі бойынша ұсыныстар әзірлеу және Қазақстан Республикасының Бірыңғай экономикалық кеңістікке (бұдан әрі – БЭК) қатысуы бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру.

Функциялары:

1) БЭК-тің жұмыс істеуі бойынша ұсыныстар әзірлейді және мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіреді;

2) мүдделі мемлекеттік органдармен және Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, БЭК-ке Қазақстанның қатысуы, БЭК-тің жұмыс істеуі және Еуразиялық экономикалық одақты қалыптастыру тетіктерін жетілдіру, Қазақстан Республикасының интеграциясын тереңдету шеңберінде, сондай-ақ ЕЭК шешім қабылдауға құқылы мәселелері бойынша, оның ішінде ЕЭК-тің жұмыс органдарына қатысуы шеңберінде қазақстандық ұстанымды қалыптастырады;

3) мүдделі мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, БЭК-ті қалыптастыру және жұмыс істеуіне байланысты мәселелердің мазмұнды бөлігін пысықтауды қамтамасыз етеді;

4) БЭК-тің жұмыс істеуі шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлейді.

5) мемлекеттік органдардың ЕЭК-пен өзара іс-қимыл бойынша және БЭК-тің жұмыс істеуі мәселелері жөніндегі ЕЭК шешімдерін іске асыру бойынша қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;

6) ЕЭК алқасы жанындағы жетекшілік ететін консультативтік органдардың, жұмыс (сарапшылар) топтарының отырыстары туралы жиынтық ақпаратты жинауды және талдауды жүзеге асырады;

7) Қазақстан Республикасының БЭК-ке қатысуынан туындауы мүмкін салдарларды бағалау бойынша талдамалық зерттеулер жүргізуге қатысады;

8) БЭК шеңберінде экономикалық интеграция мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді;

9) БЭК-тің жұмыс істеуі және экономикалық интеграцияны дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары әзірлеген нормативтік құқықтық актілерді келісуді жүзеге асырады;

10) Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес актілерді және халықаралық шарттарды әзірлеудің Жұмыс жоспарының іске асырылу барысын мониторингілеуді жүзеге асырады;

11) қолданыстағы және жоспарланатын субсидиялар туралы Бірыңғай экономикалық кеңістік елдеріне хабарламаларды дайындауды және жолдауды жүзеге асырады;

12) Қазақстан Республикасында, сондай-ақ Бірыңғай экономикалық кеңістік елдерінде берілетін және берілуге жоспарланатын субсидиялардың Өнеркәсіптік субсидиялар берудің бірыңғай қағидалары туралы келісімнің ережелеріне сәйкестігі туралы тергеулер жүргізуді жүзеге асырады;

13) мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп халықаралық құқық талаптарын ескере отырып, БЭК-ті қалыптастыратын халықаралық шарттарды және өзге де құжаттарды мазмұндық толықтыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;

14) БЭК-ті қалыптастыратын Халықаралық шарттарды және өзге де құжаттарды Қазақстанда, сондай-ақ бейнеконференция байланысы арқылы өткізілген кезде олардың жобаларын талқылау бойынша келіссөздерді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

7. ТМБ:

7.1. Міндеті: Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде шешімдерді талдау және мониторинг жүргізу.

Функциялары:

1) Еуразиялық экономикалық одақ мәселелері бойынша ақпараттық-анықтамалық материалдар дайындауды қамсыз етеді;

2) Еуразиялық экономикалық одақ мәселері бойынша өткізілетін форумдарды, конференцияларды дөңгелек үстелдерді дайындауға қатысады;

3) Еуразиялық экономикалық одақтың жұмыс істеуі мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндірмелік жұмыс өткізеді;

4) ЕЭК шешімдерінің жобаларын талдауды жүргізеді ;

5) ЕЭК шешімдерін талдауды және мониторингілеуді жүргізеді;

6) Жүргізілген талдау және мониторингтің нәтижелері бойныша Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа қатысуы шеңберінде қазақстандық ұстанымды қалыптастыру бойынша ұсыныс дайындайды;

Бұдан басқа, Департамент:

орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға, сондай-ақ Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне жетекшілік ететін салалары бойынша консультативтік көмек көрсетеді;

Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қауіпсіздік Кеңесінде, Президент Әкімшілігінде, Үкіметте, Парламентте, өзге де мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда және бірлестіктерде өткізілетін іс-шараларға басшылықтың сөз сөйлуі үшін баяндамалар жобаларын, материалдар дайындауды жүзеге асырады;

қажет болған жағдайда Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға қатысады;

қажет болған жағдайда Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық жүйелерді жетілдіруге қатысады;

кіріс және шығыс ақпарат бойынша материалдарды уақтылы дайындауды, жоғары тұрған басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындауды жүзеге асырады;

Департамент құзыреті шегінде нормативтік және құқықтық актілерді әзірлеуді және келісуді қамтамасыз етеді;

Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады;

құжаттардың есебін және сақталуын, олардың Министрлік мұрағатына сақтауға беруге дейінгі жай-күйін бақылауды және сақталуын жүзеге асырады;

   Департамент мамандарының біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және өткізуге қатысады;

Департамент құзыреті шегінде Министрліктің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарына және Министрліктің Web-сайтына жариялайды;

басшылықтың өзге жұмыс тапсырмаларын және нұсқауларын орындайды.

8. Құқықтары мен міндеттері:

заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, орталық және жергілікті атқарушы органдардан, сондай-ақ өзге де мүдделі ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты және материалдарды сұрату және алу;

оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен мәжілістер шақыру және өткізу, оларға қатысу үшін Министрліктің басқа бөлімшелерінің, басқа мемлекеттік органдардың және мүдделі ұйымдардың мамандарын тарту;

оның мүдделеріне қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдарда, Министрлік бөлімшелерінде, өзге мүдделі ұйымдарда кеңестерге қатысу;

өзінің құзыреті шегінде мемлекеттік және өзге де ұйымдарда Министрлік мүдделерін (басшылықтың тапсырмасы бойынша) білдіру;

Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрлік басшылығына ұсыныстар енгізу;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтау;

Департамент жұмысының нақты ұйымдастырылуын және оның жетілдірілуін қамтамасыз ету;

олар орындайтын тапсырмалардың мерзімі және сапасы үшін жеке жауап беру, қызметтік міндеттемелерді адал орындау;

еңбек және орындаушылық тәртіпті, мемлекеттік және қызметтік құпияны қатаң сақтау;

өзінің біліктілігін арттырумен жүйелі түрде айналысу;

қызмет этикасы қағидаларын қатаң сақтау;

Құзыреті шегінде «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Републикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы Заңына сәйкес анық және толық ақпарат ұсыну.

  Департамент құзыреті шегінде Министрліктің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарына және Министрліктің Web-сайтына жариялау;

 

3. Департамент қызметін ұйымдастыру

 

9. Заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Департамент өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.

10. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын директор басқарады.

11. Департамент директорының орынбасары болады.

12. Департамент директоры Департамент қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттердің орынадалуына және өзінің функцияларының жүзеге асырылуына жеке жауап береді.

13. Департамент директоры Департамент құырылымы мен штат кестесі бойынша Министрлік басшылығына ұсыныстар береді.

14. Осы мақсатта Департамент директоры:

1) өзінің орынбасарының міндеттемелері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) басқарма басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

3) Қазақстан Республикасының заңдары мен Президентінің актілеріне сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асырады.

15. Департамент директорының орынбасары:

1) өз өкілеттіктерінің шеңберінде Департамент қызметін үйлестіреді;

2) Департамент директоры болмаған кезеңде Департамент қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттемелердің орындалуына және өзінің функцияларының жүзеге асырылуына жеке жауап береді.

3) Департамент директоры жүктеген өзге функцияларды жүзеге асырады.

16. Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқа құрылымдық бөлімшелерге Департамент атынан жолданатын хаттарға Департамент директоры, ал болмаған жағдайда оны ауыстыратын тұлға қол қояды.