• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

1. Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде  Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Министрлік туралы ережені, Министрлік басшылығының бұйрықтарын және тапсырмаларын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Министрдің келісімі бойынша Министрліктің жауапты хатшысы бекітеді.

4. Департамент:                                                        

1) Стратегиялық жоспарлау басқармасынан (бұдан әрі – СЖБ);

2) Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарын мониторингілеу және талдау басқармасынан (бұдан әрі – МТБ);

3) Мемлекеттік жоспарлау жүйесі әдіснамасы басқармасынан (бұдан әрі – МЖЖӘБ) тұрады;

4) Стратегиялық даму басқармасынан (бұдан әрі – СДБ);

5) ХҚҰ мен ЭЫДҰ өзара іс қимыл жасауды үйлестіру басқармасынан

(бұдан әрі –ХҚҰБ) тұрады.

2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

5. СЖБ:

5.1. Міндеті: мемлекеттік органдардың мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу, келісу, мониторингілеу, талдау, бағалау және түзету бойынша жұмыстарын мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарының негізгі бағыттары мен мақсаттарына сәйкес келу мәніне үйлестіру.

Функциялары:

1) Қазақстан Республикасының 10 жылға арналған стратегиялық жоспарын  әзірлеуді, келісуді, мониторингілеуді, талдауды, іске асырылуын бағалауды және түзетуді қамтамасыз етеді;

2) Әлеуметтік-экономикалық, өндірістік және отын-энергетикалық даму саласында Басқарма құзіретіне кіретін мәселелер бойынша Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының жобаларын келіседі;

3) Әлеуметтік-экономикалық, өндірістік және отын-энергетикалық даму саласында Басқарма құзіретіне кіретін мәселелер бойынша орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары жобаларын (стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын) келіседі;

4) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Мемлекеттік жоспарлаудың қолданыстағы жүйесін жетілдіру процесіне қатысады;

5) Стратегиялық жоспарлау саласындағы әлемдік озық тәжірибені елімізде одан әрі енгізу мақсатында оны зерделейді;

6) Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар тізбесін әзірлеуді және түзетуді жүзеге асырады;

7) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жекелеген құжаттарын оңтайландыруды және тексеруді жүргізеді;

6. МТБ:

6.1. Міндеті: стратегиялық жоспарлау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу және келісу.

Функциялары:

1) мемлекеттік органдардың ұсыныстарын жинақтауды жүзеге асырады және Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларын, Жалпыұлттық жоспарларды және оларды іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарларын қалыптастырады;

2) Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарларын және Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарларын әзірлеуді және мониторинглеуді жүзеге асырады;

3) Елдің ұлттық қауіпсіздік стратегиясы мен оны іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын әзірлеуді, түзетуді және мониторингілеуді, іске асырылуын қамтамасыз етеді;

4) Ұлттық қауіпсіздік, жалпыұлттық тұрақтандыру стратегияларын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жыл сайынғы есепті қалыптастырады;

5) қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, арнаулы және құқық қорғау органдары саласында Басқарма құзіретіне кіретін мәселелер бойынша Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының жобаларын келіседі;

6) қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, арнаулы және құқық қорғау органдары  саласында Басқарма құзіретіне кіретін мәселелер бойынша орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын (стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобасын) келіседі;

7) Басқарма құзіреті шеңберінде (мемлекеттік органдар бөлінісінде) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын мониторингілеуді және талдауды жүзеге асырады.

7. МЖЖӘБ:

7.1Міндеті: Мемлекеттік жоспарлау жүйесін әдіснамалық қамтамасыз ету.

Функциялары:

1) Мемлекеттік жоспарлау жүйесі әдіснамасы мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;

2) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу, іске асыру,  мониторинг жүргізу, бағалау және бақылау бойынша әдіснамалық басшылықты және мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен консультативтік жұмыстарды жүргізуді жүзеге асырады;

3)  мемлекет жалғыз акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларын қоспағанда, Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарын әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау әдіснамасын қалыптастырады және бекітеді.

7.2. Міндеті: мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Функциялары:

1) Мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді;

2) Мемлекеттік стратегиялық жоспарлау саласындағы әлемдік озық тәжірибені елімізде одан әрі енгізу мақсатында оны зерделейді.

7.3. Міндеті: нәтижелерге бағдарланған Мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру тұжырымдамасын іске асыру бойынша жұмысты үйлестіру.

Функциясы:

1) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Нәтижелерге бағдарланған Мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру бойынша тұжырымдаманың іске асырылуын қамтамасыз етеді.

8. СДБ:

8.1. Міндеті: елдің бәсекеге қабілеттілігі деңгейін арттыруды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдар қызметін үйлестіру.

Функциялары:

  1. Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігіне кешенді мониторинг жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттік органдар қызметін үйлестіреді (Бәсекеге қабілеттілікті кешенді мониторингілеу әдістемесі);
  2. Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің катарына кіруі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру бойынша мемлекеттік органдар қызметін үйлестіреді;
  3. 2050 жылғы қарай Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің катарына кіруі жөніндегі тұжырымдамамен мемлекеттік жоспарлау жүйесін қабылданатын құжаттарымның келісімділігін қамтамасыз етеді.
  4. Қазақстан Республикасында көрсетілетін қызметтер саласын дамыту жөніндегі 2020 жылға дейінгі бағдарламаны мониторингілеуді және бағалауды жүргізеді, сонымен қатар оның іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады.

5) Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңес қызметін қамтамасыз етеді;

6) бәсекеге қабілеттілік факторлары бойынша жұмыс топтары отырыстарын жүргізуді үйлестіреді;

7) мүдделі мемлекеттік органдармен және Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылда Мемлекет басшысы үшін Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігі туралы жыл сайынғы талдамалық баяндама жобасын дайындауды қамтамасыз етеді;

8) Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің (бұдан әрі – ДЭФ ЖБИ) көрсеткіштерін жақсарту бойынша мемлекеттік органдар қызметін үйлестіреді;

9) IMD рейтингінде елдің бәсекеге қабілеттілігіне жыл сайын бағалау жүргізуге жәрдемдеседі;

10) бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыру бойынша әлемдік озық тәжірибені зерделейді;

11) халықаралық рейтингтік агенттіктердің жыл сайынғы нәтижелері негізінде орталық мемлекеттік органдар үшін елдің бәсекеге қабілеттілігі деңгейін арттыру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды одан әрі әзірлеумен оны талдауды жүргізеді;

12) ДЭФ ЖБИ рейтингісі көрсеткіштерінің орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында көрсетілуіне, оларға қол жеткізу жөніндегі әзірленген шараларды қоса алғанда, оларды мониторингілеуді қамтамасыз етеді;

13) елде әлемдік озық тәжірибені одан әрі енгізу мақсатында мемлекеттік стратегиялық жоспарлау саласында оны зерделейді.

14) мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттары жобаларын келіседі.

9. ХҚҰБ:

9.1. Міндеті: халықаралық ұйымдармен және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымдарымен (бұдан әрі-ЭЫДҰ) стратегиялық даму бағыттары бойынша өзара іс-қимыл және ынтымақтастық бойынша жұмысты үйлестіру.

Функциялары:

1) халықаралық үрдістерді мониторингілеуді, талдауды жүзеге асырады және халықаралық тәжірібені ескере отырып әлеуметтік-экономикалық даму бойынша ұсыныстар әзірлейді;

2) Қазақстан Республикасының стратегиялық даму мәселелері бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысады;

3) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдарының (Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі, Азия Даму Банкі), бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламаларын әкімшілендіру бойынша жұмысты ұйымдастырады.

4) бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламалары шеңберінде жүргізілген зерттеулер нәтижелерін енгізу бойынша мемлекеттік органдар қызметін мониторингілеуді, талдауды үйлестіреді және жүзеге асырады;

5) Дүниежүзілік Банктің баламалы басқарушысы қызметін жүзеге асырады;

6) бірлескен зерттеулер жүргізуге халықаралық ұйымдарды тарту бойынша жұмысты ұйымдастырады;

7) халықаралық қаржы ұйымдарымен (бұдан әрі – ХҚҰ) ынтымақтастықты күшейту бойынша Негіздемелік келісімдерді іске асыру бойынша мемлекеттік органдар жұмысын үйлестіруді қамтамасыз етеді;

8) Үйлестіру кеңесінің ХҚҰ-мен Негіздемелік келісімдерді іске асыру бойынша қызметін қамтамасыз етеді;

9) мемлекеттік органдардың Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимылы бойынша жұмысты үйлестіреді.

Бұдан басқа, Департамент:

жетекшілік ететін салалар бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға, сондай-ақ Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне консультативтік көмек көрсетеді;

Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінде, Президенті Әкімшілігінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінде және Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдарда және мемлекеттік емес ұйымдар мен бірлестіктерде өткізілетін іс-шараларда басшылықтың сөз сөйлеуі үшін баяндамалар, материалдар жобаларын дайындауды жүзеге асырады;

Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық қаржы және экономикалық ұйымдармен өзара іс-қимыл бойынша ұсыныстарды әзірлейді;

қажет болған жағдайда Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға қатысады;

қажет болған жағдайда Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық жүйелерді жетілдіруге қатысады;

кіріс және шығыс ақпарат бойынша материалдар мен қорытындыларды уақтылы дайындауды, жоғары тұрған басшылықтан алынатын өзге де тапсырмаларды орындауды жүзеге асырады;

Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарларын әзірлеуге, түзетуге және іске асыруға қатысады;

құжаттардың есепке алынуы мен сақталуын, оларды Министрліктің мұрағатына сақтауға беруге дейінгі жай-күйі мен сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

Департамент мамандарының біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және өткізуге қатысады;

Департамент құзыреті шегінде Министрліктің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында және Министрліктің интернет-ресурсында жариялайды;

басшылықтың өзге де жұмыс тапсырмалары мен міндеттерін орындайды.

10. Құқықтары және міндеттері:

заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, орталық және жергілікті атқарушы органдардан, сондай-ақ өзге де мүдделі ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;

оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте кеңестер шақыру және өткізу, оларға қатысу үшін Министрліктің басқа бөлімшелері, басқа мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдардың мамандарын тарту;

оның мүддесін қозғайтын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардағы, Министрліктің бөлімшелеріндегі, өзге де мүдделі ұйымдардағы кеңестерге қатысу;

өз құзыреті шегінде мемлекеттік және өзге де ұйымдарда Министрліктің (басшылықтың тапсырмасы бойынша) мүддесін білдіру;

Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің басшылығына ұсыныстар енгізу;

Өз құзыреті шегінде «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы Заңына сәйкес, анық және толық ақпарат ұсыну;

Департаменттің құзыреті шегінде бұқаралық ақпарат құралдарында және Министрліктің интернет-ресурсында Министрліктің қызметін жариялау;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтау;

Департамент жұмысын нақты ұйымдастыруды және оны жетілдіруді қамтамасыз ету;

өздері орындайтын тапсырмалардың мерзімі мен сапасы үшін жеке жауапты болу, қызметтік міндеттерді адал орындау;

еңбек және орындаушылық тәртібін, мемлекеттік және қызметтік құпияны қатаң сақтау;

өз біліктілігін арттырумен жүйелі түрде айналысу;

қызмет этикасы ережелерін қатаң сақтау.

3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру

11. Департамент заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.

12.    Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын Директор басқарады.

13. Департамент директорының үш орынбасары болады.

14. Департамент директоры Департамент қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауап береді.

15.    Департамент директоры Министрлік басшылығына Департаменттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.

16. Осы мақсатта Департамент директоры:

1) өз орынбасарының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) басқармалар басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің заңдары мен актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

17. Департамент директорының орынбасарлары:

1) өз өкілеттілігі шегінде Департамент қызметін үйлестіреді;

2) Департамент директоры болмаған кезеңде Департамент қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

3) Департамент директоры жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

18. Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Департамент директоры, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын тұлға қол қояды.