• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

ЭЫДҰ-мен өзара әрекеттесу

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігімен Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі елдік бағдарлама жобасының шеңберінде, 2017 жылдың қыркүйегінде «Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін шолу: Бюджеттік реттеудегі үздік халықаралық практиканы имплементациялау жөніндегі стратегия (бюджет саясатын оңтайландыру)» жобасын іске асыру туралы келісімге қол қойылды.

Жұмыс кестесіне сәйкес Қазақстанда 2017 жылдың 11-12 желтоқсанында ЭЫДҰ бірінші миссиясы өтті, оның барысында ЭЫДҰ Бюджеттік және қоғамдық шығындар бөлімінің бас талдаушы Айвор Бизли мырзаның ҰЭМ, ҚМ дербес департаменттерімен, Қазақстан Республикасының Презіденті Әкімшілігімен кездесулер өткізілді.

Стратегиялық жоспарлау саласын, мемлекеттік басқаруын, бюджеттік процесстерін, шығындар шолуын, бағдарламаларды бағалауын және басқаны реформалау бойынша мәселелер талқыланды.