• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Дәленов <br>Руслан Ерболатұлы
Дәленов
Руслан Ерболатұлы

1975 жылғы 8 ақпанда туған.

Білімі:

1999 жылы Стамбул қаласындағы (Түркия Республикасы) Мармара  университетін экономист мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы:

1999 жылдан 2002 жылға дейін – Қазақстан  Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Кірістерді талдау және болжамдау департаментінің жетекші маманы, Кәсіпорындарды мониторингілеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы, Электрондық мониторингілеу департаментінің Мұнай, газ және энергетика бөлімінің басшысы, Кірістерді талдау және болжамдау департаментінің Жиынтық талдау бөлімінің басшысы. 

2002 жылғы наурыздан 2002 жылғы қыркүйекке дейін – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Кірістерді талдау және болжамдау департаментінің Талдау және болжамдау басқармасының бастығы. 

2002 жылғы қыркүйектен 2003 жылғы мамырға дейін – Қазақстан Республикасының  Қаржы министрлігі Кірістер, конвенциялар және келісімшарттар департаментінің Ағымдағы кірістер басқармасының бастығы.

2003 жылғы мамырдан 2003 жылғы қыркүйекке дейін – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Кірістерді талдау және ағымдағы болжамдау басқармасының бастығы.

2003 жылғы қыркүйектен 2005 жылғы қаңтарға дейін – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Кірістерді талдау департаментінің директоры.

2005 – 2008 жылдары жеке секторда жұмыс істеген.

2008 жылғы наурыздан 2017 жылғы сәуірге дейін – Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі.

2017 жылғы сәуірден  2019 жылғы 25 ақпанға дейін  – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі.

2019 жылғы 25 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі.

Марапаттары:

«Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін», ІІ дәрежелі «Еуразиялық экономикалық одағын құруға қосқан үлесі үшін» медальдары, ҚР ҚМ «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісі, «Астананың 10 жылдығы», «Казақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл».