• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

Алпысов  <br> Ермек Амантайұлы
Алпысов
Ермек Амантайұлы

1971 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Білімі:

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолы:

Еңбек жолын 1993 жылы бастаған. Әр жылдары коммерциялық секторда қызмет еткен.

2004–2008 жылдары — Алматы облысының Ақсу ауданы әкімінің орынбасары. 2008–2012 жылдары — Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары. 2012–2015 жылдары — Талдықорған қаласының әкімі лауазымын атқарған.

2015 жылдан 2017 жыл аралығында — ҚР Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастырушылық-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2017 жылдан бастап 2019 жылғы наурызға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастырушылық-аумақтық жұмыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.

2018 жылғы 18 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі.

Марапаттары:

«Құрмет» ордені.