• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

Мадиев Жаслан Хасенович
Мадиев Жаслан Хасенович

1983 жылы 13 маусымда туған.

Білімі:

2004 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Әлемдік экономика және халықаралық қаржы» мамандығы бойынша бітірген.

2007 жылы Колумбия университетін, Халықаралық қатынастар және мемлекеттік басқару мектебінің түлегі, «Болашақ» бағдарламасы бойынша, «Экономикалық саясатты басқару» мамандығы бойынша Мемлекеттік басқару магистрі (МРА).

2016 жылғы Массачусетс технологиялық институтының, «Бизнесті басқару магистрі» мамандығы бойынша Sloan Business School түлегі.

Еңбек жолы:

2004-2006 жылдары – «Альянс Банк» АҚ қарыздық бағалы қағаздар бөлімінің маманы, жетекші маманы, бас маманы, басшысы.

2007 жылы «Morgan Stanley» инвестициялық банкінің бағалы қағаздар және облигациялар саудасы департаментінде жұмыс істеген.

2007-2008 жылдары – «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ корпоративтік қаржы департаментінің бас менеджері.

2008 жылы ҚР Президент Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының сарапшысы.

2008-2009 жылдары – Қазынашылық департаментінің, «Самұрық – Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директоры.  

2009-2010 жылдары – «Kazyna Capital Management» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2010-2011 жылдары – «Ұлар-Үміт» ЖЗҚ, «Жетісу» ЗАИБЖҰ директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры.

2010-2014 жылдары – «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары

2014-2015 жылдары – ҚР Ұлттық банкінің монетарлық операциялар мен активтерді басқару жөніндегі директорының орынбасары.

2014-2015 жылдары – «Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.

2016 жылы – ҚР Премьер – министрінің кеңесшісі, ҚР Премьер – Министрі Кеңсесінде жұмыс істеген.

2017-2019 жылдары – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қаржы жөніндегі вице-президенті.

2019 жылғы 9 сәуірде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды.

Марапаттары:

«ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасының алғыс хаты.