• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

Такиев <br> Мәди Төкешұлы
Такиев
Мәди Төкешұлы

1978 жылы 1 сәуірде ҚазКСР, Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылында туған.

Білімі:

1998 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген;

2005 жылы Д. Қонаев атындағы Гуманитарлық университетті «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген;

2011 жылы Халықаралық бизнес университетін «Іскерлік әкімшілендіру магистрі» дәрежесі бойынша бітірген.

Еңбек жолы:

1998-2000 жылдары Ғылым министрлігі - ҚР Ғылым академиясының Мемлекет және құқық институтының бас есепшісі;

2000-2008 жылдары – Алматы қаласының Салық комитетінде инспектор, жетекші инспектор, бас салық инспекторы, ШКС-мен жұмыс, аудит бөлімінің басшысы;

2008-2009 жылдары – Алматы облысы бойынша Салық департаментінің акциздерді әкімшілендіру бөлімі, басқармасы басшысы;

2009-2012 жылдары – Алматы қаласы бойынша салық департаменті басшысының орынбасары;

2012-2013 жылдары ҚР ҚМ Салық комитетінің басқарма басшысы;

2013-2014 жылдары – Ұлттық экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Салық және кеден саясаты департаментінің директоры;

2014 жылы – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас сарапшысы;

2014-2017 жылдары – Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы;

2017-2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Салықтық бақылау департаментінің директоры-Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы;

2019 жылғы 12 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі.

Марапаттары:

«Ерен еңбегі үшін» медалі, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі, «Астана 20 жыл» мерекелік медалі, «Салық қызметінің үздігі» атағы.