• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

17.10.2017 г.
Рост экономики Казахстана по итогам 2017 года составит не менее 3,4% - Сулейменов

2017 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның экономикалық өсімі 3,4 пайыздан кем болмайды – Сүлейменов

Астана, 17 қазан – ҚР ҰЭМ. Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов сейсенбіде өткізілген үкімет отырысы барысында 2017 жылғы қаңтар-қыркүйектегі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындылары туралы баяндады.

«Есепті кезеңде Қазақстан экономикасы қаңтар-тамыздағы 4,3%-дық өсім қарқынын сақтап қалды», - деді Сүлейменов.

Ол экономикалық өсімге макроэкономикалық тұрақтылық және инвестициялық белсенділік, сондай-ақ сыртқы нарықтардағы қолайлы жағдай ықпал еткенін атап айтты. Ең алдымен бұл сұраныстың жалғасуы және біздің экспорттың негізгі түрлеріне баға конъюнктурасының жақсаруы.

«Өсімнің негізгі қозғаушылары өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс болды. Өнеркәсіп жыл басынан бері тұрақты өсімді көрсетіп отыр, яғни  қаңтар-қыркүйекте 8,3%-ға өсті», - деді министр.

Өңдеу өнеркәсібіндегі өсім 5,7%-ды құрады. Ішкі нарыққа бағдарланған салаларда айтарлықтай өсім байқалып отыр, ең алдымен бұл фармацевтика өнімдерін (36,1%-ға), жеңіл өнеркәсіпті (9,6%-ға), тамақ өнімдерін (5,3%-ға) және сусындарды (4,5%-ға), сондай-ақ мұнай өнімдерін (5,7%-ға) өндіру.

«Өңірлік бөліністе көптеген өңірлерде өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында және құрылыста өсімнің оң серпіні байқалып отыр», - деді Сүлейменов.

Оның айтуынша, экономиканың нақты секторындағы жоғары өсім қызмет көрсету саласының тұрақты өсім траекториясына біртіндеп шығуымен байланысты. Ағымдағы жылғы 9 ай ішінде көлік қызметі 4,7%-ға,  сауда және байланыс – 3,0%-дан, сондай-ақ жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар – 2,1%-ға өсті.

«Экономиканың дамуына оң әсерін тигізетін инвестициялардың өсу серпіні біртіндеп жақсаруда. Ағымдағы жылғы 9 айда негізгі капиталға инвестициялар көлемі 4,4%-ға өсті», - деді министр, инвестицияның неғұрлым өсуі саудада (9,8%) және құрылыста (5,8%), сондай-ақ жылу және сумен жабдықтау желілерін жаңғырту нәтижесінде, сондай-ақ өнеркәсіпте (6,0%)  байқалатынын атап өте келіп.

Сүлейменов әлемдік нарықтардағы қолайлы баға конъюктурасы және экспорттың (32,2% 30,3 млрд. АҚШ долларына дейін) импорттан (17,9% 18,4 млрд. АҚШ доллары) басым болуы сауда теңгерімінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге септігін тигізгенін хабарлады. Мәселен, ағымдағы жылғы 8 айда сауда теңгерімінің сальдосы 62,7%-ға 11,9 млрд АҚШ долларына дейін өсті. Тұтас алғанда, елдің сыртқы сауда айналымы 48,7 млрд. АҚШ долларын құрап, 26,4%- ға өсті.

Тұрақты макроэкономикалық жағдайдың аясында тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы кірісі 2017 жылғы бірінші жартыжылдықта 8,6%-ға өсіп, 10,5 млрд. АҚШ долларына дейін жетті. Қазан айының басында Алтын-валюта қорының 10,2%-ға (32,5 млрд. АҚШ долларына дейін) өсуінің есебінен елдің халықаралық резервтері 89,4 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл Алтын-валюта қорының ең төменгі деңгейінен (3 ай тауарлар мен қызметтер импорты) 3 еседен аса артық.

«9 айдың қорытындысы әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық салаларындағы жағымды үрдісті көрсетіп отыр. Осыны ескере отырып, 2017 жылдың қорытындысы бойынша біз экономиканың өсуін кем дегенде 3,4% деңгейінде күтеміз», - деді министр.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?