• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

20.10.2017 г.
Рады пригласить предпринимателей и всех заинтересованных лиц принять участие в конференции на тему: «Совершенствование регулирования предпринимательской деятельности: дерегулирование бизнеса».

2017 жылғы 27 қазанда Ұлттық экономика министрлігі «ЭЗИ» АҚ-мен бірлесіп, «Кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру: бизнесті қайта реттеу» тақырыбында тәжірибелік конференция өткізеді

Кәсіпкерлерді және барлық мүдделі тұлғаларды «Кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру: бизнесті қайта реттеу» тақырыбындағы конференцияға қатысуға қуана шақырамыз.

Конференцияда технологиялық қайта қарулану және цифрландыру жағдайындағы кәсіпкерлік қызметті реттеудің ең тиімді тәсілдерін қарастыруға айрықша назар бөлінетін болады.

Конференцияны өткізу орны: Астана қаласы, Қонаев көшесі, 7, «Rixos» мейманханасының «Жерұйық» конференц-залы (10.00-ден 13.00-ге дейін).

Конференцияға қатысуды 2017 жылғы 24 қазаннан кешіктірмей 701-830, 701-790 телефондары және D.Mukusheva@economy.kzB.Zhabaginova@economy.kz электрондық мекен-жайы бойынша растау қажет. Қатысу тегін.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?