• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

31.10.2017 г.
Заработная плата в 3 квартале 2017 года*

2017 жылғы 3 тоқсандағы жалақы*

2017 жылғы үшінші тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 147 988 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі өткен жылғы тиісті тоқсанына 104,8%, ал нақты жалақы индексі 98,0% құрады.

Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы қаржы және сақтандыру қызметінде – 272,8 мың теңге  (орташа республикалық деңгейден 1,8 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 271,1 мың теңге (1,8 есеге асты), ақпарат және байланыс саласында – 215,7 мың теңге (1,5 есеге асты), өнеркәсіп саласында – 208,5 мың теңге (1,4 есеге асты), құрылыс саласында – 205,9 мың теңге (1,4 есеге асты) белгіленді. Ең төменгі атаулы жалақы білім беру қызметкерлерінде белгіленді – 90,4 мың теңге, бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 38,9%-ға төмен.

Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді – 275,9 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,9 есеге асады. Жамбыл облысында мұның шамасы 98,1 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 33,7%-ға төмен.

Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша

2017 жылғы 3 тоқсандағы орташа айлық жалақы

3 тоқсандағы орташа айлық жалақы

Ескерту. Халықаралық стандарттарға сәйкес бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы қосымша ақыларды, үстемақыларды, сыйақыларды, сондай-ақ салықтар ен басқа да ұсталымдарды (табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналарын) есепке ала отырып қалыптастырылады.

*Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алусыз.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?