• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

04.12.2017 г.
Inflyaciya v Respublike Kazahstan za yanvar_noyabr 2017 goda sostavila 6_3%

2017 жылғы қаңтар-қараша Қазақстан Республикасында инфляция 6,3%-ды құрады

Баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы он бір айда (2017ж. қараша 2016ж. желтоқсанға) 5,3%, азық-түлік емес тауарларына - 8,4%, ақылы қызметтерге - 5,6%-ға өсті.

пайызбен, өсуі

 

2017ж. қараша

2017ж. қаңтар-қараша 2016ж. қаңтар-қарашаға

2017ж.

қазанға

2016ж.

желтоқсанға

2016ж.

қарашаға

2015ж.

желтоқсанға

Тауарлар мен қызметтер

0,9

6,3

7,3

15,4

7,5

Азық-түлік тауарлары

0,8

5,3

7,1

15,5

8,8

Азық-түлік емес тауарлар

0,8

8,4

9,2

18,6

8,4

Ақылы қызметтер

1,0

5,6

5,8

12,1

5,0

Ағымдағы жылдың басынан (2017ж. қараша 2016ж. желтоқсанға) бағаның өсуі басты картопқа 28,5%, пиязға - 27,8%, сәбізге - 20,8%, алмаға - 14,8% сиір етіне - 14,2%, қой етіне - 13,5%, консервіленген сүтке - 10,8%, сары майға - 10,2%, кондитерлік өнімдерге - 9,5%, мәйекті ірімшікке - 9,4%, сүзбеге - 8,9%, жылқы етіне - 8,5%-ға белгіленді. Бағаның төмендеуі қызанаққа 37,4%, қиярға - 37,2%, қарақұмық жармасына - 26,7%, сарымсаққа - 26,1%, жұмыртқаға - 18,6%, қантқа - 17,7%, күнбағыс майына - 9,5%, қырыққабатқа - 8,4%, тәтті бұрышқа - 3,4%-ға тіркелді.

Баға өсімі кеңсе тауарлары мен сызу құралдарына 9,6%-ға, шыны және қыштан жасалған өнімдерге - 8,5%, автомобильдер - 8,4%, кітаптарға - 7,5%, киім және аяқ киімге - 7,2%, тоқыма бұйымдарына - 6,1%, фармацевтикалық өнімдерге - 5,8%, газеттер мен журналдарға - 5,7%, жеке қолданатын тауарларға - 5,6%, жуғыш және тазалағыш құралдарға - 5,4%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 5,3%, тұрмыстық аспаптарға - 4,9%-ды құрады. Дизель отыны 31,1%, бензин - 19,1%, тас көмір - 16%, баллондағы сұйытылған газ - 7,8%-ға қымбаттады.

Баға деңгейі денсаулық сақтауына 7,6%, құқық қызметтері - 7%, көлiк құралдарын сақтандыру - 6,8%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы - 6,7%, қоғамдық тамақтандыру - 4,5%-ға өсті. Ішкі қалалық автобуспен жол жүру ақысы 8,9%, қалааралық - 6,8%-ға қымбаттады, ал жолаушылардың әуе көлігімен - 1,9%, алыс қашықтыққа қатынайтын темір жол көлігімен - 0,8%-ға арзандады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер ыстық суға 14,9%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға - 10,6%, орталықтан жылытуға - 9,6%, кәрізге - 9,1%, тұрғын үйді күтіп ұстауға - 6,8%, суық суға - 5,1%, электрэнергиясына - 5%-ға жоғарылады.

Тұтыну тауарлары мен қызметтеріне бағаның өзгеруі

өткен айға пайызбен, өсуі

 

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 510 позиция кіреді. Бағаны тіркеу меншіктің түрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктеме жүйесі бойынша барлық облыс орталықтарында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгіленген шеңбері бойынша жүргізіледі. Біріктіру үшін пайдаланылатын салмақ жүйесі олардың шығыстары бөлігінде өткен жылғы үй шаруашылықтарын  зерттеу материалдары негізінде есептеледі.

2017 жылғы қаңтардан бастап ТБИ–ді есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі 37,6%, азық–түлік емес тауарлар – 30,2%, ақылы қызметтер – 32,2%–ды құрады.

www.stat.gov.kz / Ресми статистикалық ақпарат > Жедел деректер (жедел ақпарат, бюллетендер) > Бағалар мен тарифтер


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?