• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

04.01.2018 г.
2017 жылғы қаңтар-желтоқсанда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы

2017 жылғы қаңтар-желтоқсанда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы

2017 жылғы қаңтар-желтоқсанда өндіруші кәсіпорындар бағасы 17,6%-ға жоғарылады. Бағаның кен өндіру өнеркәсібінде - 27,2%, өңдеу өнеркәсібінде 8,3%-ға жоғарылауы байқалды. Өнеркәсіптік өнім - 18,8%, өнеркәсіптік сипаттағы қызметтер 6,9%-ға қымбаттады.

Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасының өзгеруі

пайызбен, өсуі+, төмендеуі-

 

2017 жылғы желтоқсан

2017 жылғы қаңтар-желтоқсан

2016 жылғы қаңтар-желтоқсанға

2017 жылғы қарашаға

2016 жылғы желтоқсанға

2015 жылғы желтоқсанға

Өнеркәсіп өнімдері, өнеркәсіптік сипаттағы көрсетілетін қызметтерді қоса

3,5

17,6

35,8

15,3

Өндірілген өнім

3,9

18,8

38,7

16,3

Өндіріс құралдары

14,2

22,3

30,9

11,9

Аралық тұтыну өнімдері

4,3

21,6

43,7

18,6

Тұтыну тауарлары

0,0

3,4

14,8

4,6

Өнеркәсіптік сипаттағы көрсетілетін қызметтер

0,3

6,9

10,8

6,7



Жыл басынан бергі кезеңде өндіруші кәсіпорындар бағасы табиғи газға - 51,7%, мазутқа - 38,8%, мұнайға - 31,6%, сұйытылған пропан және бутанға - 18,8%, металл кендеріне - 15,8%, дизель отынына - 14,8%, көмірге - 10,3%, бензинге 9,4%-ға жоғарылады.

Бағаның мырышқа - 23,7%, мысқа - 19,7%, алюминийге - 12,7%, ферроқорытпаларға - 9,8%, қорғасынға - 9,5%, қара металдар илегіне 2%-ға жоғарылауы тіркелді.

Өндірушілер бағасының сүт өнімдеріне - 9,2%, мал етіне - 6,6%, шайға - 5,4%, күрішке - 3,7%, нанға - 2,2%, балыққа - 2,1%, макарон өнімдеріне 1,4%-ға жоғарылауы, олардың жармаларға - 28,5%, қантқа - 24,3%, қара бидай ұнына - 8,3%, бидай ұнына - 3%, құс етіне - 6,9%, өсімдік майына - 6,7%, маргаринге 5,7%-ға төмендеуі байқалды.

Өндіруші кәсіпорындар бағасының өзгеруі

Өндіруші кәсіпорындар бағасының өзгеруі


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?