• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

03.01.2018 г.
Инфляция в Республике Казахстан в 2017 году составила 7,1%

2017 жылы Қазақстан Республикасында инфляция 7,1%-ды құрады

Өткен жыл үшін баға азық-түлік тауарларына 6,5%, азық-түлік емес тауарларына – 8,9%, ақылы қызметтерге – 5,9%-ға өсті.

пайызбен, өсуі

 

2017ж. желтоқсан

2017ж. қаңтар-желтоқсан 2016ж. қаңтар-желтоқсанға

2017ж.

қарашаға

2016ж.

желтоқсанға

2015ж.

желтоқсанға

Тауарлар мен қызметтер

0,7

7,1

16,1

7,4

Азық-түлік тауарлары

1,1

6,5

16,8

8,6

Азық-түлік емес тауарлар

0,5

8,9

19,2

8,4

Ақылы қызметтер

0,3

5,9

12,4

5,1

Ағымдағы жылдың басынан (2017ж. желтоқсан 2016ж. желтоқсанға) бағаның өсуі картопқа 28,7%, тәтті бұрышқа – 28,6%, басты пиязға – 28,2%, сәбізге – 19,3%, сиір етіне – 15,3%, қой етіне – 14,1%, консервіленген сүтке – 11,6%, сары майға – 11,3%, кондитерлік өнімдерге – 10,7%, мәйекті ірімшікке – 10,3%, жылқы етіне – 9,8%, жаңа ауланған балыққа – 9,4%-ға белгіленді. Бағаның төмендеуі қарақұмық жармасына 28%, сарымсаққа – 25,6%, қантқа – 19,5%-ға, қызанаққа, жұмыртқаға – 16%-дан, қиярға – 12,5%, күнбағыс майына – 9,9%, қырыққабатқа – 5,2%-ға тіркелді.

Баға өсімі кеңсе тауарлары мен сызу құралдарына 10%, автомобильдерге – 9,2%, шыны және қыштан жасалған өнімдерге – 8,9%-ға, кітаптарға, киім және аяқ киімге – 8%-дан, тоқыма бұйымдарына – 7%, фармацевтикалық өнімдерге – 6,6%, газеттер мен журналдарға – 6,5%, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 6,3%, жеке қолданатын тауарларға – 6,2%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 5,8%, тұрмыстық аспаптарға – 5,5%-ды құрады. Дизель отыны 31,8%, бензин – 17,6%, тас көмір – 17,4%, баллондағы сұйытылған газ – 8,6%-ға қымбаттады.

Баға деңгейі денсаулық сақтау қызметтеріне 7,9%, құқықтық – 7%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы – 6,9%, көлiк құралдарын сақтандыру – 6,8%, қонақ үйлер - 6%, қоғамдық тамақтандыру – 5,8%-ға өсті. Ішкі қалалық автобуспен жол жүру ақысы 9,6%, қалааралық – 7,1%, жолаушылардың әуе көлігімен – 4,6%, алыс қашықтыққа қатынайтын темір жол көлігімен – 0,2%-ға қымбаттады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер тарату желілері арқылы тасымалданатын газға 11,4%, ыстық суға – 10,9%, орталықтан жылытуға – 9,9%, кәрізге – 9,1%, тұрғын үйді күтіп ұстауға – 7%, суық суға – 5,1%, электрэнергиясына – 5%-ға жоғарылады.

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 510 позиция кіреді. Бағаны тіркеу меншіктің түрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктеме жүйесі бойынша барлық облыс орталықтарында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгіленген шеңбері бойынша жүргізіледі. Біріктіру үшін пайдаланылатын салмақ жүйесі олардың шығыстары бөлігінде өткен жылғы үй шаруашылықтарын  зерттеу материалдары негізінде есептеледі.

2017 жылғы қаңтардан бастап ТБИ–ді есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі 37,6%, азық–түлік емес тауарлар – 30,2%, ақылы қызметтер – 32,2%–ды құрады.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?