• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

07.05.2018 г.
До начала АЭФ — 10 дней: казахстанские эксперты прокомментировали Global Challenges Summit 2018

АЭФ басталуына дейін — 10 күн: қазақстандық сарапшылар Global Challenges Summit 2018 туралы пікір білдірді

ХІ АЭФ: Global Challenges Summit 2018 форумының басталуына 10 күн қалды. Алда өтетін шараның ерекшелігі, сондай-ақ Қазақстан үшін оның маңыздылығы туралы РrimeMinister.kz-ке берген сұхбатында Еуразиялық интеграция институтының Жаңғырту және интеграциялық процестерді зерттеу орталығының сарапшысы Шоқан Оразбеков айтып берді.

Сарапшы Астана экономикалық форумының бірегей идеялар туындайтын пікірталас алаңы ретіндегі маңыздылығын атап өтті.
 
«Қазақстан халқы мен баршамыз жарыс жолында жүргенімізді түсінуіміз керек. Бұл — технологиялар, инновациялар, идеялар жарысы. Аталған жарыста артта қалмау үшін, дамымаған және кедей елдердің қатарында тұрмау үшін, біз қалай да даму жолында әрекет етуге тиіспіз. Кез келген технология идеядан басталады. Бұл идеялар қалай туындайды? Олар жайдан жай берілмейді. Идеялар осындай пікірталас алаңдарында пайда болады», — деді Шоқан Оразбеков.
 
Алайда, сарапшының айтуынша, ең бастысы ел дамуының дұрыс бағытын анықтай білу қажет.
 
«Тұлғалар келгенде, Қазақстанның келешектегі дамуының сұлбасын сипаттауға мүмкіндік беретін пікірталастар өтеді. Болашақта жасанды зерде, жаңа технологиялар секілді трендтер болады», — деді Ш. Оразбеков.
 
Алдағы күндері өтетін АЭФ-2018, Ш. Оразбековтың пікірінше, Қазақстанға әлемнің озық дамыған 30 елінің қатарына кіру жолында одан әрі даму шараларын әзірлеуге жол ашады.

Еуразиялық интеграция институтының Әлеуметтік зерттеулерді ұйымдастыру және үйлестіру департаментінің бас сарапшы-аналитигі Еркебұлан Аманғосов, өз кезегінде, форумның тұжырымдамасын қайта брендтеу, сондай-ақ анықталған 11 сын-тегеуріннің шешімін іздеу, Қазақстанның дамуына елеулі әсерін тигізетініне сенім білдіреді. Әсіресе, Қазақстанның үшінші жаңғыруы мен Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында бұл өте өзекті.
 
«Бүгінгі таңда алдымен мәселелердің жауабын табу емес, осы мәселелерді дұрыс қою маңыздырақ. Бұл форумда осы сұрақтар қойылады. Олардың шешімдері әлемнің үздік сарапшыларының пікірталастарында талқыланады. Біздің міндетіміз – барлық ұсыныстарды тыңдап, оларды жинақтау, сақтау және жөнді қолдану. Әсіресе, бұл ұсыныстар «Ақылды қалалар» тұжырымдамасын жетілдіру кезінде өте пайдалы болады», — деді Еркебұлан Аманғосов.
 
Еуразиялық интеграция институты директорының орынбасары Наталья Калашникова алда өтетін АЭФ2018: Global Challenges Summit форумын дәуіріміздің тарихи оқиғасы ретінде атады. Ал оның форматының өзгеруін қызықты тәсілдердің бірі деді.
 
«Ең алдымен, бұл негізгі күн тәртібіне айналатын түбегейлі жаңа үрдістер. Саммиттің соңғы алгоритмі өте қызықты: 19 мамырда сарапшылық-стратегиялық сессия өтеді. Бұл жаңа формат», — деді ЕИИ директорының орынбасары.
 
Ол, сондай-ақ, қазақстандық сарапшылар осы қорытынды сессиядан үлкен нәтиже күтетінін атап өтті.
 
«Спикерлер осы сессияда Қазақстанға қажетті негізгі бағыттарға баса назар аударады. Яғни, қорытындылай келе, олар бүгінгі таңда Қазақстан қызығушылық тудыратын әлемдік экономикадағы, әлемдік үрдістердегі пайдалы, жаңа, оңды өзгерістер туралы айтады. Бұл тұрғыдан үздік спикерлері бар саммит те, оның қорытынды сессиясы да Қазақстанның ұлттық мүдделеріне толығымен сай келеді», — деді Наталья Калашникова.
 
Бұдан өзге, сарапшының ойынша, Қазақстан өз спикерлерінің баяндамалары арқылы әлеуметтік, әлеуметтік-экономикалық және сыртқы саясаттағы жеткілікті түрде қызықты тәсілдерін көрсете алады.
 
«Бүгінде Қазақстан тек елдегі Үшінші жаңғыртуды ғана емес, сонымен бірге экономика мен әлеуметтік саланың барлық бағыттарын жаңғыртудағы шараларын мақтан тұта алады. Қазақстанның саясаты көптеген елдердің саясатынан біршама ерекшеленеді. Себебі, біз үшін адам құндылығы бірінші кезекте тұр», — деді Н. Калашникова.
 
ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының әлеуметтік-экономикалық зерттеулер бөлімінің ғылыми қызметкері Бекжан Садықовтың айтуынша, Астанада АЭФ-2018-ді өткізу Қазақстандағы жаһандық мегатрендтер тұрғысынан сараптамалық пікірдің дамуына оң әсерін тигізеді.
 
«Қазіргі таңда Астана көптеген сарапшыларды елге тарту күші саналады. Шақырылған беделді сарапшылардың тәжірибесі, дағдылары, кең танымдары біздің сарапшылар қауымдастығына, ең алдымен, Үкіметке Қазақстанды одан әрі жаңғыртуға бағытталған шараларды әзірлеуге көмектеседі. Сондай-ақ, мұндай алмасу халқымызға заманға сай болып, Қазақстанның қай бағытта дамып жатқанын білуіне жол ашады», — деп түсіндірді сарапшы.
 
Бекжан Садықов өз ойын жалғастыра отырып, бүгінгі таңда Қазақстан мақсаты бір — елімізді жаңғыртуды жалғастыруды көздейтін көптеген мемлекеттік бағдарламаларды іске асырып жатқанын атап өтті. Бұдан өзге, аталған бағдарламалардың тағы бір маңызды тұсы — олар Индустрия 4.0 жағдайында нәтижелілікке, өнімділікке бағытталған. Қазақстан бүгінде әлемдік экономикалық кеңістікке барынша араласып келеді. АХҚО құрылып жатыр, ақпараттық жүйелер мен қаржы секторы дамып келеді.
 

Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?