• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

16.05.2019 г.
АЭФ: Многосторонняя торговая системастолкнулась с беспрецедентными вызовами

АЭФ: Көпжақты сауда жүйесі теңдессіз сын-тегеуріндерге тап келуде

XII Астана экономикалық форумы алаңында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Қазақстан Республикасының Женева қаласындағы БҰҰ бөлімшесі мен басқа да  халықаралық ұйымдардың жанындағы тұрақты өкілдігімен бірлесіп «КӨПЖАҚТЫ САУДА ЖҮЙЕСІНІҢ АЛДЫНДА ТҰРҒАН ӨЗЕКТІ ЖҮЙЕЛІК СЫН-ТЕГЕУРІНДЕР: ШЕШУДІҢ ЫҚТИМАЛ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ЖАҢА РЕАЛИЯЛАРҒА БЕЙІМДЕЛУ» тақырыбындағы сессия өткізілді.

Іс-шара 2020 жылғы 8-11 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында өткізілетін ДСҰ 12-министрлік конференциясы (ДСҰ жоғары органы) қарсаңында ұйымдастырылып отыр.

Көпжақты сауда жүйесі бүгінде теңдессіз сын-тегеуріндерге тап келіп отыр. Оларға, басқалармен қатар, жаһандық сауда шиеленісі жағдайындағы біржақты сауда әрекеттері мен жауап шаралары, протекционистік көңіл-күйдің өсуі, оның ішінде импортты шектейтін шаралардың жаңа легі жатады.

Елдер жаһандық сауда шиеленісі және өсе түскен протекционизм жағдайында халықаралық қоғамдастық алдында тұрған ДСҰ-ның жұмысын негізгі үш бағыт бойынша жақсарту туралы сұрақтарға жауап іздеуде. Олар: сауда саясатын мониторингілеу; даулар мен келіссөздерді шешу; сауда ережелерінің әлемдік экономиканың ағымдағы жай-күйіне сәйкестігін қамтамасыз ету үшін ДСҰ-ның жаңа ережелерін әзірлеу.  

Панельдік сессия отырысы барысында аталған мәселелер шақырылған сауда саясаты саласындағы сарапшылар: елші, Жапонияның ДСҰ жанындағы Тұрақты өкілі Джуничи Ихара, елші, ДСҰ жанындағы Жаңа Зеландияның Тұрақты өкілі Дэвид Уолкер, ДСҰ сауда келіссөздері комитетінің директоры Виктор Ду Праду, Еуропалық сыртқы іс-әрекеттер қызметінің Еуропа және Орталық Азия бойынша басқарушы директорының орынбасары Люк Девин, Ресей Федерациясы  Экономикалық даму министрлігінің сауда келіссөздері департаментінің директоры Екатерина Майорова, Атлант Кеңесінің Оңтүстік Азия орталығының аға ғылыми қызметкері Марк Линскотт, Берн университеті Құқық мектебінің еуропалық және Халықаралық экономикалық құқық Институтының директоры Майкл Хан, ДСҰ құқығы жөніндегі консультативтік орталықтың (ACWL) басқарушы директоры Найл Майгердің, сондай-ақ ДСҰ экономика, сауда және құқық саласындағы белгілі бірқатар халықаралық сарапшылардың қатысуымен талқыланды.

Панельдік сессияны өткізу барысында Ұлттық экономика вице-министрі Мәдина Жүнісбекова Қазақстан ДСҰ-ны реформалау идеясын нық қолдайтынын атап өтті. Сондай-ақ реформалардың ДСҰ-ның барлық мүшелері үшін, соның ішінде, дохийлік раундтың күн тәртібіндегі бұрынғы мәселелерді шешуде де, тең жағдайды қамтамасыз етуге тиістігіне сенім білдірді. Бұл ретте Қазақстан Республикасы жаңа бастамаларды ілгерілетуге, атап айтқанда, электрондық сауда, қызметтерді ішкі реттеу және инвестицияларға жәрдемдесуге де белсене қатысады.

Сөзінің соңында, вице-министр Нұр-Сұлтандағы Министрлік конференцияның ДСҰ-ға сенімділікті нығайтуға, оның өзектілігін сақтауға және көпжақты сауда жүйесінің алдында тұрған барлық ағымдағы жүйелік сын-тегеуріндерді шешуге жәрдемдесетініне сенім білдірді.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?