• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

01.10.2019 г.
Состоялся практический семинар по реализации ЦУР в г. Актау

Ақтау қаласында ОДМ іске асыру бойынша тәжірибелік семинар өткізілді

А.ж. 27 қыркүйекте Ақтау қаласында Қазақстандағы Орнықты Даму мақсаттарын іске асыру барысы туралы халықты хабардар ету, сондай-ақ оны жергілкті жерде іске асыру мәселесін талқылау бойынша кезекті семинар өткізілді. Семинарды «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ БҰҰДБ, АДБ, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды.  

Семинарға жергілікті атқарушы орган, азаматтық қоғам, жастар, жеке сектор өкілдері қатысты.

Семинарды «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ш. Жақыпова ашты. Ол өз сөзінде 2030 жылға дейінгі күн тәртібі барлық мүдделі тараптардың іс-қимылын біріктіруді талап етіп, сондай-ақ атап айтқанда әлеуметтік әлсіз топты, халықтың барлық тобын қамтуға бағытталғанын атап өтті.

«Миссия 2030» тәжірибелік тренингін өткізу барысында қатысушылар Маңғыстау облысы мен Ақтау қаласындағы орнықты дамудың өзекті проблемаларын анықтады. Халықтың түрлі санатының пікірінің жиынтығы айтылған проблемаларды шешуге және ұзақмерзімдік перспективалық пайымның тұтас көрінісін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Тәжірибелік тренингтің фасилитаторы ретінде Институттың Стратегиялық әзірлемелер және тұрақты даму орталығының қызметкерлері, сондай-ақ БҰҰДБ өкілдері сөз сөйледі.

Семинарға қатысушылар 2030 күн тәртібін іске асырудың Ақтау қаласы бойынша маңыздылығын, сондай-ақ бұл пікірталас алаңын болашақта дамытудың қажеттілігін атап өтті.  

Маңғыстау облысы мен Ақтау қаласындағы семинар нәтижелері Қазақстанда ОДМ іске асырудың одан арғы кезеңін жүргізуде есепке алынады.

 


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?