• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

12.06.2019 г.
Путь вперед: государственные институты станут более прозрачными

Алдағы жол: мемлекеттік институт айқын бола түседі

А.ж. 11-12 маусымда Анкара қаласында (Түркия) ҚР Ұлттық экономика министрлігі өкілдері қатысқан Дүниежүзілік банктің өңірлік конференциясы өткізілді. Ол тиімді, есеп беретін және инклюзивтік институттарды құруға арналды.

Конференцияны Дүниежүзілік банк Біріккен Корольдіктің Халықаралық даму департаменті (DFiD), Еуропалық комиссия, SIGMA (Басқару мен менеджментті жетілдіруді қолдау), Еуропалық одақ және Азия Даму банкімен әріптестікте ұйымдастырған.

Шара мемлекеттік басқаруды реформалауға қатысты негіздік қағидаттар мен инновациялық тәсілдерге, үкіметтердің әлеуеті мен есептілігін арттыруға мүмкіндік беретін механизмдерге арналған.

Дүниежүзілік банк елдердің басқару саласындағы реформаларды жоспарлау мен жүзеге асыруына қолдау жасауға белсенді түрде қатысады.

Сессияларда баяндамашылар сапалы сараптаманы пайдаланудың халықаралық тәжірибесіне, сондай-ақ мемлекеттік институттардың айқындығы мен есептілігіне назар аударды.

Шара соңында Ұлттық экономика өкілдері «есептіліктің, айқындық пен ашықтықтың үкіметке сенім артудың кілті» екенін атап көрсетті.

Қатысушыларға мемлекеттік басқаруды реформалау, алдыңғы қатарлы шешімдерді енгізу, қоғам мен іскерлік ортаның жаңа қажеттіліктерін қанағаттандыру мәселесіндегі көшбасшылар тәжірибесі таныстырылды.

Конференцияға Еуропа мен Орталық Азияның барлық елдерінен даму жөніндегі халықаралық әріптестер, ғалымдар, жеке сектор мен азаматтық қоғам өкілдерінен тұратын 450 шақты делегация қатысты.

Бұл елдер қазіргі уақытқа дейін қол жеткізген прогрессті бағалауды және басқару саласындағы алдағы реформаларды табысты іске асыруды белгілейтін, болашақта мемлекеттік ресурстарды басқару реформасының күн тәртібін құратын маңызды факторларды анықтауға мүмкіндік берген ауқымды тақырыпқа арналған тұңғыш шара.

Конференция әріптестік байланыстарды нығайтуға, жаһандық білім мен инновацияны паш етуге, сондай-ақ алдыңғы қатарлы тың әдіс пен нәтижелерді алмасу арқылы өзара оқып-үйренуге жәрдемдесуге мүмкіндік берді.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?