• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

17.09.2019 г.
Асан Дарбаев назначен председателем  Комитета по регулированию естественных монополий

Асан Дарбаев Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов тиісті бұйрыққа қол қойды.

Асан Дарбаев Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Қаржы және қаржылық құқық» мамандығы бойынша, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы, Болашақ (Ұлыбритания) бағдарламасы бойынша «Уорвик» университетінің «Менеджмент» (жобаларды басқару) мамандығын бітірді.

Мемлекеттік қызметте 2005 жылдан бері қызмет етеді.

Еңбек жолын 2005 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің Алматы қаласы бойынша қаржы-ұйымдастыру қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы лауазымынан бастады.

Әр жылдары Алматы қаласы бойынша Монополияға қарсы басқарманың бөлім басшысы, басқарма басшысы, Монополияға қарсы органның орталық аппаратында департамент директорының орынбасары лауазымында болды.

2015 жылдың 23 маусымынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі.

Министрліктің құрылымында 2014 жылдан бастап қызмет атқарады.

Анықтамалық: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 маусымдағы қаулысымен «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті» оны «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті» РММ, «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті» РММ-ге және «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті» РММ-ге бөлу жолымен қайта құрылды.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?