• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

21.11.2019 г.
«Дни СПЕКА» в Ашхабаде

Ашхабадтағы «СПЕКА күндері»

2019 жылғы 18-21 қарашада Түркіменстан астанасында «Сабақтастық: СПЕКА субаймағындағы сауда және көлік рәсімдерін жеңілдету және тұрақты дамыту» тақырыбындағы «СПЕКА-2019» экономикалық форумы, сондай-ақ Орталық Азия (СПЕКА) экономикасына арналған БҰҰ Арнайы бағдарламасының Басшылық кеңесінің 14-сессиясы өткізілді. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Форумға қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасының Түркіменстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Е.О. Сәпиев бастап барып, Ұлттық экономика және Сауда және интеграция министрлігі қызметкерлері қатысты. 

Пікір алмасу барысында халықаралық экономикалық қарым-қатынастардың жетекші нысаны түрінде көрініс табатын сауда саласындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелеріне баса назар аударылды.

Сөз сөйлеулер кезінде атап өтілгендей, форум СПЕКА мемлекеттерінің сауда мен экономикадағы басым бағыттарын бейнелейді. Себебі соңғы жылдарда барған сайын аймақтық экономикалық интеграция елдердің динамикалық өсуіндегі негізгі фактор болып есептелуде. Ол бұдан да ірі нарықтарды құруға әкеледі.

Бұл ретте, инвестициялардан, сауда рәсімдерін жеңілдетуден, мемлекеттік сатып алулардан, әлеуметтік прогресстен және саудадағы бейтарифтік кедергілердің басқа да мәселелерінен тұратын аймақтық сауда келісімдерінің маңызына айрықша екпін берілді. Бұл саладағы көзделетін шаралар аймақтық сауданы жылжыту нарығын бюрократтық бөгеттерсіз құруға әкеледі.

Мұның сыртында, келіссөздер шеңберінде, қазақстандық тарап Алматыда СПЕКА Хатшылығын құру жұмыстарын жандандыруға ұсыныс жасады. Бұл СПЕКА бағдарламасын аймақта неғұрлым тиімді үйлестіруді қамтамасыз етеді.

СПЕКА күндері шеңберінде Елшінің Ауғанстан Индустрия және сауда министрімен кездесуі өткізіліп, екіжақты ынтымақтастықтың келешегі талқыланды.

1997 жылы БҰҰ әзірлеген Орталық Азия экономикасына арналған БҰҰ арнайы бағдарламасы – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасы. Бастапқыда Бағдарлама Орталық Азия елдеріне ғана арналған болатын.

Қазіргі уақытта оны жүзеге асыруға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Әзірбайжан және Ауғанстан қатысуда.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?